overflow [ˌəʊvəˈfləʊ] A.v 1. асып төгілу, аузы-мұрнынан шығу, сыймай кету ♦The bath is overflowing! – Ванна асып төгіліп жатыр! ♦∼ with smth Plates overflowed with party food. – Тойда ас ағыл-тегіл болды! ♦His bag was overflowing with clothes. – Сөмкесіне киім-кешегі сыймай шығып тұрды. ♦(figurative) Her heart overflowed with love. – Махабаттан жүрегі езілді. ♦∼ smth The river overflowed its banks. – Өзен тасып жағасынан шығып кетіпті. 2. ∼ (with smth) кісіге лықа толы, жұрт қаптаған/ құжынаған ♦The streets were overflowing with the crowds. – Көшелер ығы-жығы жұртқа толды. ♦The hospitals are filled to overflowing. – Емханалар науқастарға толып кетті. 3. ∼ (into smth) | ∼ (smth) сыймай қалу, аузы-мұрнынан шығып кету, толып асып кету, артылып қалу ♦The meeting overflowed into the street. – Жиналысқа келген жұрт сыймай көшеде тұрды. ♦The chemicals overflowed from their storage tank. – Химикаттар контейнерге сыймай, асып төгіліп жатты. B.n 1.сыймай қалған/ артылып қалған нәрселер ♦A new office block was built to accommodate the overflow of staff. – Жаңа кеңсе блогын сыймай қалған қызметкерлерге салған/ салды. ♦an overflow car park – сыймаған машиналарға арналған паркиң 2.асып төгілу ♦an overflow of water from the lake – көлдегі судың жағасынан асып кетуі ♦(figurative) an overflow of powerful emotions – сезімдердің бойды кернеуі 3. (also overflow pipe) артық суға арналған түтік/ құбыр 4. (computing) деректің тым көптігінен компьютердің дұрыстап істемеуі