overhear [ˌəʊvəˈhɪə(r)] v (pt, pp overheard [ˌəʊvəˈhɜːd]) естіп қалу/ қою, құлаққа шалыну, құлағы шалу, байқамай/ күтпеген жерден есту ♦∼ smb/smth I overheard a conversation between two boys on the bus. – Автобуста бір екі баланың әңгімесін құлағым шалды. ♦We talked quietly so as not to be overheard. – Ешкім естімесін/ естіп қоймасын деп ақырын/ бәсең сөйлестік. ♦∼ smb doing smth We overheard them arguing. – Ұрсысып жатқанын естідік. ♦∼ smb do smth I overheard him say he was going to France. – Оның Францияға барам(ын) дегенін естідім.