overjoyed [ˌəʊvəˈdʒɔɪd] adj мәз-майрам болған, мәре-сәре болған, аса шаттанған, тым қуанған, қуаныштан есі шыққан (syn: delighted) ♦∼ (at smth) He was overjoyed at my success. – Ол менің табысыма мәз-майрам болды. ♦∼ (to do smth) We were overjoyed to hear their good news. – Олардан жақсы хабар естіп мәре-сәре болдық. ♦∼ (that…) She was overjoyed that her article had been published. – Мақаласының жарық көргеніне ол аса шаттанды/ өте қуанды.