overlap A.v [ˌəʊvəˈlæp] 1. ∼ (smth) қабаттасу, айқасу, кірігу ♦A fish’s scales overlap each other – Балық қабыршықтары бір-біріне кіріккен/ бір-бірімен қабаттасқан. ♦The floor was protected with overlapping sheets of newspaper. – Еден қат-қабат газет беттерімен қорғалған. 2. ∼ smth қабаттастыру, кіріктіру, айқастыру, ұштастыру ♦You will need to overlap the pieces of wood slightly. – Ағаштарды сәл кіріктіру/ айқастыру/ қабаттастыру керек. 3. ∼ (smth) қабаттасу, қат-қабат келу, арты-артынан келу, қосарласу 4.сәйкес/ сай келу, астасу, ұштасу, ұқсас болу, қабаттасу, кірігу ♦Our jobs overlap slightly, which sometimes causes difficulties. – Жұмысымыз аздап ұқсас, сондықтан кейде қиындықтар болады. ♦∼ smth The language of science overlaps with that of everyday life. – Ғылыми тіл күнделікті тіршілік тілімен астасып/ кірігіп жатады. ♦∼ smth The themes of this novel overlap those explored by other writers of the period. – Оның (өз) романында шалған тақырыптары сол кездегі басқа да жазушылар бойлаған мәселелермен ұштасып жатыр. B.n [ˈəʊvəlæp] 1. ∼ (between smth and smth) ұқсастық, тақылеттестік, астасушылық, ұштасқандық, қабаттасқандық ♦There is (a) considerable overlap between the two subjects. – Екі пән/ тақырып бір-бірімен біршама астасқан/ бір-біріне біршама кіріккен. 2.кірігу мөлшері, қабаттасу/ астасу/ ұштасу мөлшері ♦an overlap of 5 cm on each roof tile – шатыр черепицаларының/ жабындарының (өзара) 5 см-лік кірігуі/ астасуы 3.қабаттасу(шылық), тұспа-тұс келу ♦There will be an overlap of a week while John teaches Ann the job. – Джонның Әннді жұмысқа үйретуіне бір апта кететін болады.