overload A.v [ˌəʊvəˈləʊd] 1. ∼ smth ауыр жүк арту, жүкті тым көп арту, артық тиеу ♦an overloaded truck – артық тиелген жүк машинасы 2. ∼ smb (with smth) тым көп жұмыс, тапсырма, тсс беру, тым көп міндеттеу/ жұмыс арту, күшендіру ♦He's overloaded with responsibilities. – Оған артылған жауапкершілік тым көп. ♦Don't overload the students with information. – Оқушыларға информацияны артығымен беріп керегі жоқ. 3. ∼ smth күшендіру, кернету, тым көп күш түсіру ♦The lights went out because the system was overloaded. – Жарық өшіп қалды, себебі жүйеге күш тым көп түсіп кетті. B.n [ˈəʊvələʊd] тым көп/ артық нәрсе ♦In these days of technological change we all suffer from information overload. – Бүгінгі технологиялық өзгерістер дәуірінде бәріміз информацияның көптігінен қиналамыз. ♦An electrical overload caused the fuse to blow. – Электр кернеуі артып кетіп, фаза күйді.