overtime [ˈəʊvətaɪm] n 1.артық уақыт(тағы) жұмыс, қалыпты жұмыс уақтынан артық істеген уақыт ♦to do/work overtime – артық уақыт істеу, жұмыста қалып істеу ♦overtime pay/earnings/hours ♦The union announced a ban on overtime. – Кәсіподақ артық уақыт істеуге тыйым салды. 2.артық уақыт істеп тапқан жалақы, артық уақыт жалақы ♦They pay $150 a day plus overtime. – Олар күніне $150, бұған қоса артық уақыт істегені үшін төлейді. 3. (NAmE) (BrE extra time) (sport) қосымша уақыт 4. (idm) *be working overtime (informal) тым белсенді/ қозған/ тынымсыз ♦There was nothing to worry about. It was just her imagination working overtime. – Уайымдайтын ештеңе жоқ. Әшейін оның тынымсыз қиялы ғой.