overture [ˈəʊvətʃʊə(r)] n 1. увертюра (операға я оперетта мен балетке кіріспе) ♦Prokofiev’s overture to ‘Romeo and Juliet’ – Прокофьевтің «Ромео мен Джульеттаға» жазған увертюрасы 2. ∼ (to smb) жылы ұшырау, жақын тарту, жалпақтау, елбіреу, елжіреу, «увертюра» (біреумен жақсы қарым-қатынас орнату ниетімен жасалған әрекет не қылық) ♦He began making overtures to a number of merchant banks. – Ол бірнеше сауда банкімен жақын білісе бастады. ♦Maggie was never one to reject a friendly overture. – Мәгги ешқашан жылы ұшыраған адамға қабақ шытқан емес.