owe

owe [əʊ] v (pt, pp owed [əʊd]) 1.қарыз болу, берешек болу, қарыздар/ борышты болу smb smth She still owes her father £3 000. – Ол әкесіне әлі £3 000 қарыз.(figurative) I'm still owed three days' leave. – Маған әлі үш күн демалыс берулері керек. ♦smth He owes more money than he can afford to pay. – Өз қарызын өтеуге оның жалақысы жетпейді. ♦Exactly how much do we owe? – Нақты қанша қарызбыз/ берешекпіз? ♦ smth to smb She still owes £3 000 to her father. – Ол әкесіне әлі £3 000 қарыз. ♦The country owes billions of dollars to foreign creditors. – Ел шетелдік кредиторларға миллиардтаған доллар қарыз/ берешек. ♦ smth to smb for smth Most hospitals owe money to pharmaceutical companies for medicines and equipment. – Емханалардың көбі/ көбісі/ көпшілігі фармацевт компанияларға дәрі-дәрмек пен құрал-жабдық үшін қарыз(дар). ♦ smb smth for smth How much do I owe you for the groceries? – Саған бакалея(дағы шығындар) үшін қанша қарызбын? 2. (біреуге бір жақсылығы, тб үшін) міндетті/ борышты/ қарыздар сезіну smth to smb I owe a debt of gratitude to all my family. –Үй-ішіме/ Жанұяма шынайы рахметімді айтқым келеді. ♦You owe it to your staff to be honest with them. – Қызметкерлеріңмен ашық болуың керек. ♦I owe a duty to my family. – Үй-ішімнің алдында бір міндетім бар. ♦ smb smth You owe me a favour! – Бұл жақсылығымды ұмытпа!/ Маған борыштысың! ♦Thanks for sticking up for me - I owe you one. – Мені жақтағаның үшін рахмет – саған қарыздармын. I think you owe us an explanation. – Бізге түсіндіруің керек деп ойлаймын. ♦I think we're owed an apology. – Бізден ғафу өтінгені жөн деп ойлаймын. 3. (біреудің/ бірн-ң) арқасында болу/ ықпалынан болу smth to smb/smth He owes his success to hard work. – Аянбай жұмыс істеп, табысқа жетті. ♦The play owes much to French tragedy. – Пьесаға француздың трагедиялық жанры көп ықпал еткен. ♦I owe everything to him.Соның арқасында осы күнге жеттім. ♦The town owes its existence to the minerals that lie below the mountains. – Кент тау астында жатқан минералдардың арқасында күн көруде. smb smth I owe him everything. – Соның арқасында осы күнге жеттім. ♦I knew that I owed the surgeon my life. – Өмірімді сақтап қалған хирург екенін білгенмін.  4. allegiance/loyalty/obedience (to smb) (formal) біреуге адал/ жақтас/ айнымас болу All serfs owed allegiance to a lord. – Крепостной шаруалардың барлығы помещикке бағынуға тиіс болды.