own [əʊn] A.adj, pron 1.өз, өзінің, өзінікі ♦It was her own idea. – Бұл оның өз ойы/ идеясы еді. ♦I saw it with my own eyes. – Оны (ол жайтты) өз көзіммен көрдім. ♦Is the car your own? – Бұл өз машинаң ба? ♦Your day off is your own. – Демалысың – өзіңдікі (яғни, ол күні не істесең де өзің білесің). ♦He desperately wants to live his own life. – Ол/ Оның өзімен-өзі тұрғысы/ өмір сүргісі келеді. ♦Our children are grown up and have children of their own. – Балаларымыз өсіп кеткен, енді өз(дерінің) балалары бар. ♦For reasons of his own, he refused to join the club. – Өзі білетін себептермен ол клубқа қосылмай қойды. ♦The accident happened through no fault of her own. – Болған оқиғаға оның өзі кінәлі емес. ♦He wants to come into the business on his own terms. – Ол/ Оның бизнеске өз пайдасын ескере қосылғысы келеді. ♦I need a room of my own. – Өзіме бөлек бөлме керек. ♦I have my very own room at last. – Ақыры өзімнің жеке бөлмем бар. ♦their own personal/unique/private beliefs – олардың өздерінің жеке/ бірегей нанымдары ♦He was determined to go his own way. – Ол өз жолымен жүруге бел буды. ♦I was almost completely in my own little world. – Мен толығымен өзімнің шағын әлемімде едім. ♦Most people want to live in their own homes as they age. – Кісілер қартая өздерінің жеке үйлерінде тұрғысы келеді. 2.өзі жасаған/ істеген ♦She makes all her own clothes. – Ол барлық киімін өзі тігеді. ♦He has to cook his own meals. – Ол өз асын өзі әзірлейді. 3. (idm) *come into your/its own өзін жақсы я пайдалы жағынан көрсету ♦When the traffic's this bad, a bicycle really comes into its own. – Көлік қозғалысы шынымен жаман кезде велосипед бой көрсетеді. *the devil looks after his own [қ-з: devil (3)] *get your own back (on smb) (informal) есесін қайтару, өшін алу ♦I'll get my own back on him one day, I swear! – Он әлі көрермін бір күні, айтқаным айтқан! *have a mind of your own [қ-з: mind (A6)] *hold your own (against smb/smth) (in smth) тайқымау, тайсалмау, шыдау, батылдық таныту ♦Business isn't good but we're managing to hold our own. – Бизнес жақсы емес, алайда шыдап бағудамыз. ♦She can hold her own against anybody in an argument. – Ол кіммен болсын сөйлескенде өз ойын қорғай алады. ♦The patient is holding her own although she is still very sick. – Ауруы әлі ауыр болса да пациент/ науқас шыдауда. *in your own right өз(інің) шамасы/ қабілеті жетеді ♦She sings with a rock band, but she's also a jazz musician in her own right. – Ол рок-группамен айтады, бірақ оның өзі джаз-музыкант. ♦She's a millionaire in her own right. – Ол өз күшімен миллионер болған. ♦Though it's based on a best-selling novel, the movie is great in its own right. – Бестселлер/ Мықты романға негізделсе де, фильм(нің өзі) керемет түсірілген. *like, etc. the sound of your own voice (disapproving) «өз үнін өзі жақсы көру», өзі сөйлегенді ғана жақсы көретін ♦She’s much too fond of the sound of her own voice. – Ол өзім ғана сөйлесем екен деп тұрады. *(all) on your own a) өзімен-өзі, өзі (ғана), жалғыз ♦I'm all on my own today. – Бүгін тек өзіммін/ өзіммен-өзіммін. ♦She lives on her own. – Ол өзімен-өзі/ жалғыз тұрады. b) өзі, ешкімнің көмегінсіз ♦He did it on his own. – Бұны ол өзі істеді. B.v 1. ∼ smth жеке мүлкі/ заты бар болу, иелену, иелігінде/ атында болу, меншігінде болу, меншіктеу ♦Do you own your house or do you rent it? – Өз үйің бар ма, жоқ жалдап тұрасың ба? ♦I don't own anything of any value. – Ешбір затым жоқ. ♦Most of the apartments are privately owned. – Пәтерлердің көбі/ көбісі/ көпшілігі – жекеменшік. ♦an American-owned company – бір америкалықтың компаниясы/ бір америкалықтың меншігіндегі/ атындағы компания ♦Does anyone own this coat? It was left in a classroom. – Мына киім кімдікі екен?/ ешкімдікі емес пе? Бұны класта/ сыныпта қалдырып кетіпті. ♦Don’t tell me what to do - you don’t own me! – Не істеу керектігін маған айтпа – малайың емеспін! ♦His father was a farmer who owned land and property. – Әкесі жері, дүние-мүлкі бар фермер еді/ етін. ♦He owns and operates an eco-tourism company. – Оның өзіне тиесілі/ өз меншігіндегі, өзі басқаратын экотуризм компаниясы бар/ Оның (жеке) өзінің, өзі басқаратын экотуризм компаниясы бар. ♦Hospitals became publicly owned companies. – Емханалар жекеменшік компанияларға айналды. 2. ∼ smth (business) басқарып, жауапты болу ♦The successful candidate will be responsible for owning and achieving sales targets. – Таңдалған/ Іріктелген кандидат сауда-саттық/ сату көрсеткіштеріне жету ісін өзі қолға алатын болады. 3. (especially US, informal) өте сәтті/ табысты болу; оңдырмай/ ойсырата жеңу ♦∼ smth She owned the stage, performing a medley of hit songs. – Ол сахнаны бермей, белгілі әндердің поппуриін/ құрағын айтып тұрып алды. ♦He didn't just finish the course, he completely owned it. – Ол жай курсты бітіріп қана қойған жоқ, оны толығымен жеңіп шықты. ♦∼ smb Yeah right, she totally owned you, man! – Бәсе, ол сені мүлдем уысына түсіріпті! 4. (old-fashioned) мойындау ♦∼ to smth/to doing smth He owned to a feeling of guilt. – (Өзінің) кінәлі сезінгенін мойындады. ♦∼ (that)… She owned (that) she had been present. – Ол өзінің сонда болғанын мойындады. ♦I must own to a feeling of anxiety. – Қобалжығанымды мойындаймын. ♦I own that I judged her harshly at first. – Алғашында оған қатулы болғанымды мойындаймын. 5. (idm) *behave/act as if you own the place | think you own the place (disapproving) өзін бір жердің қожасы сияқты сезіну/ ұстау, өзін бастықтарша ұстау. тайраңдау ♦She was acting as if she owned the place. – Ол өзін сол жердің қожасы сияқты ұстады/ Ол тайраңдап жүрді. 6. (phr v) *own up (to smth/to doing smth) (қатесін, тб) мойындау, мойнына алу (syn: confess) ♦I'm still waiting for someone to own up to the breakages. – Мынаны кім сындырғанын мойындайтын адамды әлі күтіп отырмын. ♦Why don’t you just own up and hope she forgives you? – Неғып оған шыныңды айтпайсың, (ол) кешіретін шығар?