pace 1 [peɪs] A.n 1. қарқын, екпін, жылдамдық, пәрмен, тегеурін, үдеу ¨at a… ∼ to set off at a steady/gentle/leisurely pace – бірқалыпты/ жұмсақ/ жайбарақат қарқынға/ жүріске салу ¨Congestion frequently reduces traffic to walking pace. – Кептеліс көлік қозғалысын ілініп-салындырады. ¨The ball gathered pace as it rolled down the hill. – Доп ылдиға домалаған сайын үдей/ заулай түсті. ¨The runners have noticeably quickened their pace. – Жүгірушілер/ Желаяқтар жүгірісін/ қарқынын біршама шапшаңдатты. ¨Aisha slowed her pace to a walk. – Айша қарқынын басып/ азайтып, жүре бастады/ жүріске көшті. ¨∼ of smth It is difficult to keep up with the rapid pace of change. – Қауырт өзгеріс қарқынына ілесу қиын. ¨I prefer the relaxed pace of life in the country. – Ауылды жердегі тіршіліктің жайбарақат/ бейқам/ бейғам қарқыны ұнайды маған. ¨We encourage all students to work at their own pace. – Оқушыларды өздері қалаған қарқынмен жұмыс істеуге ынталандырамыз. ¨at a… ∼ The American economy has grown at a record pace. – Америка экономикасы қауырт қарқынмен өсті. ¨Technology is changing at a blistering pace. – Технология қауырт өзгеруде. ¨The plot moves along at a fast pace. – Әңгіме (желісі) тез өрбиді. ¨These updates are going to continue at a rapid pace. – Бұл жаңартулар шапшаң жалғаса бермек. ¨Rumours of corruption and scandal gathered pace. – Парақорлық пен жанжал төңірегіндегі өсек-аяң жайыла түсті. ¨He gave up his job in advertising because he couldn't stand the pace. – Ол жарнама агенттігіндегі жұмысын тастады, себебі онда тыным таппады. ¨The novel lacks pace. – Новелла жалықтырады. 2.адым, қадам, аттам (syn: step) ¨She took two paces forward. – Ол екі адым озды. ¨To be a really good runner he needs to lengthen his pace a little. – Шынымен де жақсы жүгіруші болу үшін оның өз адымын ұзарта түскені дұрыс. ¨Competitors must stand at a distance of 20 paces from each other. – Сайыскерлердің бір-бірінен 20 адым қашықтықта тұрулары керек. 3. (idm) *at a snail’s pace «ұлуша», өте баяу ¨Traffic had slowed to a snail’s pace. – Көлік қозғалысы ілініп-салынды да қалды. *force the pace [қ-з: force (B6)] *go through your paces | show your paces қабілетін/ шамасын көрсету (яғни, белгілі бір әрекет жасау) ¨We watched the horses going through their paces. – Аттардың өздерін таныстыруын көріп отырдық. ¨The British team showed its paces during a training session in the hotel pool. – Қонақ үйдің бассейнінде Британия командасы ашық жаттығу өткізді. *keep pace (with smb/smth) қатар жүру, тұспа-тұс жүру, қалмау, ілесу ¨She found it hard to keep pace with him as he strode off. – Ол (еркек) адымдап жүрген сайын оның (әйелдің) ілесуі қиын болды. ¨The younger children struggled to keep pace with the older ones. – Балалардың кішілері үлкендеулеріне ілесе алмай қиналды. ¨Until now, wage increases have always kept pace with inflation. – Осыған дейін жалақы өсімі инфляция қарқынына сай болып келді. ¨The company is struggling to keep pace with changes in the market. – Компания рыноктағы өзгерістерге ілесу үшін арпалысуда. *off the pace (сайыста) қалып келе жатқан, артта келе жатқан ¨You are ten seconds off the pace, hurry up! – Он секунд қалып келесің, тездет! ¨Both the top two players have found themselves well off the pace after the opening round. – Екі үздік ойыншының екеуі де алғашқы айналымнан соң біршама артта келді. *put smb/smth through their/its paces қабілетін, шамасын тексеру, сынақтан өткізу, сынап көру ¨Youngsters will be put through their paces by qualified instructors. – Білікті инспекторлар жастарды сынап көретін болады. ¨We sent our reporter to put Ford’s newest model through its paces. – Фордтың жаңа моделі туралы жазу үшін тілшімізді аттандырдық. ¨I like to put a new car through its paces. – Жаңа машинаны сынап көргім келеді. *set the pace a) (басқаларға) үлгі болу, озат болу ¨The company is no longer setting the pace in the home computer market. – Компания ішкі компьютер рыногында бұрынғыдай озат емес. ¨The company's advanced equipment sets the pace for the recording industry. – Компанияның жетік/ жетілген жабдығы таспа жазу индустриясына жаңа дем береді. ¨Japanese firms have been setting the pace in electronic engineering. – Электрон(ды) инженерияда жапон фирмалары алда келеді. b) (also BrE set a brisk/cracking etc pace) (жарыста) алға түсу, қарқын салу, (оза жүгіріп басқаларын) өзіне ілестіру ¨Willis set the pace for the first mile. – Алғашқы мильде Уиллис алда/ оза жүгірді. ¨The Italians set the pace for the first eight laps. – Алғашқы сегіз айналымда итальяндықтар алда келді. B.v 1.ерсілі-қарсылы жүріп алу/ жүре беру ¨She paced up and down outside the room. – Бөлменің сыртында ол ерсілі-қарсылы жүріп алды. ¨I paced nervously back and forth across the room. – Бөлме ішінде тағат таппай ары-бері жүре бердім. ¨∼ smth Ted paced the floor restlessly. – Тед сол қабатта/ этажда арлы-берлі жүрді де қойды. 2. ∼ smth алда жүру/ жүгіру, (жарыс үшін) қарқын салу, озып келе жату, алға озып басқаларды ілестіру ¨He paced his game skilfully. – Ол өз ойынын шебер қарқындатты. ¨One runner was selected to pace the race. – Бір жүгіруші қарқын салу үшін таңдалды. 3. ∼ yourself өз ісін белгілі бір қарқынмен істеу, өз күшін шамалау, ісін бір ретке келтіру/ арнаға түсіру ¨He'll have to learn to pace himself in this job. – Осы жұмысты бір арнаға түсіруге оның үйренуі керек. 4. (phr v) *pace smth off/out адымдап/ адыммен өлшеу
pace 2 [ˈpɑːkeɪ; ˈpɑːtʃeɪ; ˈpeɪsi] prep (from Latin, formal) өкпелемес, ренжімес, өкпелемесін (біреумен келіспейтінін сыпайы білдіргенде қолд) ¨The evidence suggests, pace Professor Jones, that… - Айғақтар, проф. Джоунс ренжімес, ... екенін көрсетеді. ¨We have to ask, pace Pollan, whether there is an organized force in our politics capable of demanding change. – Поллан өкпелемес, біздің саяси жүйемізде өзгеріс талап ете алатын ұйымдасқан күш бар ма деген сұрақ қоюымыз керек. ¨Nor, pace Bush, must all countries be with America or against it. – Басқа елдер, Буш өкпелемес, Америкамен бірге не оған қарсы болуға тиісті емес. ¨She had only three husbands, pace some Hollywood historians who claim she had as many as six. – Ол үш рет тұрмыс құрған, сондықтан ол алты рет күйеуге тиген дейтін кейбір Голливуд тарихшылары ренжімесін.