package [ˈpækɪdʒ] A.n 1. (especially NAmE) (also parcel especially BrE) қапша, қапшық, орама, орам, пакет, қоржын, бума, түйме, қаптама, посылка (қағазға оралған не қалың конвертке салынған нәрсе) ¨A large package has arrived for you. – Саған/ Сізге үлкен бір қапша/ пакет келді. 2. (NAmE) қорап, ыдыс, пакет, жәшік, сөмке, дорба, қоржын, тсс ¨Check the list of ingredients on the side of the package. – Ыдыстың бүйірінен заттың құрамын тексер. ¨∼ of smth a package of hamburger buns – гамбургер нандар салынған пакет 3. (also ∼ deal) топтама, жинақ, құрама, «қоржын» ¨an aid/a rescue package – көмек «қоржыны»/ құтқаруға арналған керек-жарақ (құтқару «қоржыны») ¨a $6.3 billion economic stimulus package - $6.3 миллирдтық экономикаға дем беру «қоржыны» ¨∼ of smth a package of measures to help small businesses – шағын бизнестерге/ кәсіпорындарға арналған жәрдем шаралары/ «қоржыны» 4. «қоржын», жалақы мен қосымша төлемдер, жеңілдіктер ¨Some CEOs received pay packages of over $10 million. – Кейбір компания басшылары $10 миллионнан асатын «қоржын» алды. ¨a compensation/severance package – өтем/ жұмыстан шығу «қоржыны» ¨The company tries to match the benefits packages offered by other employers. – Компания басқа жұмыс берушілер ұсынып жатқан табыс «қоржынына» сай келуге тырысуда./ Компания жалақы жағынан басқалардан қалмауға тырысуда. 5. (also software ∼) (computing) жинақ, топтама, «қоржын», құрама (ұқсас программалар жиынтығы) ¨The system came with a database software package. – Жүйеге дерекқор программалары (программное обеспечение базы данных) топтамасы тіркеліпті. B.v 1.қаптау, салу ¨∼ smth packaged food/goods – салынған тамақ/ қапталған заттар ¨The glasses had been carefully packaged for the journey to England. – Англия ішінде тасымалдау үшін шыны ыдыстарды мұқият қаптады. ¨∼ smth up The orders were already packaged up, ready to be sent. – Заказдарды қаптап, жөнелтуге әзірлеп қойған еді. ¨∼ smth in smth The fan is packaged in a bare white box. – Фәнді/ Желдеткішті жалаң ақ жәшікке салды. ¨We package our products in recyclable materials. – Өнімдерімізді қайта өңделетін материалдармен қаптаймыз. 2. ∼ smb/smth (as smth) «аптап-күптеу» (жақсы жағынан көрсету, таныстыру) ¨politicians who are packaged and presented to the public – аптап-күптеп, жұртқа көрсеткен саясаткерлер ¨an attempt to package news as entertainment – хабарды ойын-сауық ретінде көрсетпек талпыныс