pad

pad [pæd] A.n 1.жұмсақ шүберек, жастықша, қалташа, қиық, шағын мата, пәд ¨medicated cleansing pads for sensitive skin – сезімтал/ нәзік теріге арналған емдік тазарту шүберектері/ пәдтері ¨sanitary pads – «тазалық матасы/ пәді» (әйелдердің етеккірі келгенде пайдаланатын) 2.блокнот, пәд, қағазшалар ¨a sketch/writing pad – сызу/ жазу қағазшасы/ пәді ¨She always kept a pad and pencil by the phone. – Телефонның жанына ол ылғи да қағаз бен қарындаш қоятын. ¨She doodled on a pad as she spoke. – Ол сөйлеп жатып қағазға шимайлай жазды. 3.табан (мысық, ит, тб аяғының) ¨A cat detects vibrations through the pads of its feet. – Мысық дірілді табаны арқылы сезеді. 4.сүртетін материал, сүртетін/ тазалайтын пәд ¨a scouring pad – үйкейтін/ қыратын пәд 5.ұшып-қону алаңы, ұшып-қонатын тұс/ алаңқай ¨helicopter landing pads – вертолет ұшып-қонатын тұс ¨Two booster rockets will power the shuttle off the pad. – Қос ракета тасығыш ракетаны алаңқайдан серпиді/ серпитін болады. 6. «қалқанша», «қап» (спортта дене мүшесін қорғау үшін киілетін я тағылатын қалың материал) ¨knee pads – тізеқап (наколенник) 7.кейбір су өсімдіктерінің ірі, жайпақ жапырақтары ¨floating lily pads – қалқыған ақ тұңғиық жапырақтары 8. (informal) пәтер, баспана ¨He moved back into his old bachelor pad. – Ол бұрынғы бойдақ кезіндегі пәтеріне қайта көшті. B.v 1.жұмсақ материалмен астарлау/ қаптау/ тығындау ¨a padded jacket – астарлы/ астары бар жакет ¨a padded envelope – астарлы конверт (ішіне жұмсақ материал астарлаған конверт; нәзік нәрселер жөнелтуге арналған) ¨She was wearing a warm coat and heavily padded gloves. – Ол жылы әрі қампиған қолғап киіп жүрді. ¨be ded with smth All the sharp corners were padded with foam. – Сүйір бұрыштардың бәрі губкамен қапталды. 2. жұмсақ жүру/ басу ¨She padded across the room to the window. – Ол жұмсақ басып терезеге жақындады. 3. ∼ smth (NAmE) (теріс ниетпен) ақшаны артық жазу/ есептеу ¨to pad bills/expense accounts – счетты/ шығын счетын [қ-з: expense account] артық жазу 4. (phr v) *pad smth out a) киімді жұмсақ материалмен астарлау я тығындау b) мақаланы ұзақ я тартымды ету үшін оған маңызды емес дерек қосу, жамау ¨The report was padded out with extracts from previous documents. – Баяндамаға бұрынғы документтерден үзінділер қосылған.