page [peɪdʒ] A.n 1. (abbr p) бет, парақ ¨Turn to page 64. – 64-інші бетке өтіңіз. ¨Someone has torn a page out of this book. – Біреу бұл кітаптың бір бетін/ парағын жыртып алыпты. ¨She slowly turned the pages of the album. – Ол альбомның беттерін баяу аударды. ¨a blank page – бос бет/ парақ ¨the title/index page – атаулар/ көрсеткіштер беті ¨the sports/news pages of the newspaper – газеттің спорт/ хабарлар бөлігі ¨the letters/opinion page – хаттар/ пікірлер бөлімі/ айдары ¨Some newspapers devoted several pages to the scandal. – Кейбір газеттер жанжалға бірнеше бет арнаған. ¨on a ∼ The photograph was on the front page of every newspaper. – Фотография әр газеттің бірінші бетінде болды. ¨on the opposite/facing/next page – қарсы/ алғашқы/ келесі бетте ¨over the ∼ The address is over the page. – Адрес - келесі бетте. 2. (компьютер мониторындағы) бет, парақ ¨to visit/view a page – бетті қарау ¨to load/update a page – бетті жүктеу/ жаңарту ¨Press F5 to refresh the page. – Бетті жаңалау үшін F5-ті бас(ыңыз). ¨The page was really slow to load. – Бет жүктегенге тым баяу болды. ¨a Twitter/an Instagram page – туиттер/ инстаграм парағы/ беті ¨on a page The message was posted on the company's official Facebook page. – Хабар компанияның Фейсбук парағында жарияланды. ¨This photo will no longer appear on your profile page. – Бұл фото(графия) сіздің келбет парағыңызда көрінбейтін болады. 3. (literary) тарау, кезең, шақ ¨a glorious page of Arab history – араб тарихының даңқты кезеңі 4. (especially NAmE) (also pageboy BrE, NAmE) неке қию/ үйлену рәсімі кезінде қалыңдыққа еріп жүретін ұл бала 5. (also pageboy) (old-fashioned) «қолғабыс», «жәрдемші» (униформа киіп қонақ үй есігін ашып не басқалай қызмет істейтін ұл бала не жас жігіт) 6. (NAmE) көмекші, жәрдемші (АҚШ Конгресі мүшесіне жәрдемші студент) 7.паж (Орта ғасырлардағы рыцарьға жәрдемші әрі рыцарьлықты үйреніп жүрген ұл бала) 8. (idm) *on the same page ой(лар)ы бір, ойлары бір жерден шыққан, өзара түсінік тапқан, пікірлері тоқайласқан/ ұштасқан ¨Are employers and employees on the same page when it comes to retirement benefits? – Жұмыс берушілер мен жұмыс істеушілердің зейнетте/ пенсияда көретін пайдалар жөніндеі ойлары бір ме? ¨It was an effort to get us all on the same page. – Бұл бәрімізді келістірмек әрекет болды. *the printed word/page басылған/ жарияланған нәрсе ¨the power of the printed word – баспасөздің/ медианың қуаты *turn the page «жаңа бетті/ тарауды бастау», «парақты төңкеру/ аудару», қиын кезеңнен кейін басқаша тірлік бастау ¨It’s time to turn the page and make a fresh start. – Бұл - бұрынғыны қойып, жаңадан бастайтын уақыт. ¨He turned the page on that chapter in his life a long time ago. –Өмірінің ол тарауын ол баяғыда артқа тастаған. B.v 1. ∼ smb көпшілік хабарландыру жүйесі арқылы біреуді дауыстап шақыру ¨Why don't you have him paged at the airport? – Аэропортта/ Әуежайда неге хабарландыру арқылы оны іздемейсің(із)? 2. ∼ smb біреудің пейджеріне [қ-з: pager] хабар жіберу ¨Page Dr Green immediately. – Доктор Гриннің пейджеріне хабар бер. 3. (phr v) *page through smth (NAmE) парақтау, парақтап көз жүгірту (syn: flick through smth, leaf through smth) ¨She paged through the report looking for her name. – Ол өз/ оның есімін іздеп, баяндаманы парақтап шықты.