paid [peɪd] A.adj 1. (жұмыс, тб ж) жалақы/ ақша төленетін, ақылы (opp: unpaid) ¨Neither of them is currently in paid employment. – Олардың ешқайсысының қазір ақылы жұмысы жоқ. ¨a highly paid job – ақшасы/ айлығы көп жұмыс 2.жалақы алатын, ақылы (opp: unpaid) ¨Men still outnumber women in the paid workforce. – Ақылы жұмыс күшінде ерлер әлі де әйелдерден көп. ¨a poorly paid teacher – айлығы аз мұғалім 3. (idm) *put paid to smth (informal) тоқтату, құрту ¨A knee injury has put paid to her chances of getting into the final. – Тізе жарақаты оның финалға баратын жолын бөгеді. ¨Bad exam results put paid to his hopes of a university place. – Нашар емтихан нәтижелері оның университетке түсемін деген үмітін үзді. B.v pt, pp of pay