pain [peɪn] A.n 1.шаншу, ауыру, қақсау, сыздау, солқыл, жанға бату, қадалу (дененің бір жерінің ауыруы) ¨a cry of pain – шаншып/ қақсап айқайлау/ ойбайлау ¨in ∼ She was clearly in a lot of pain. – Ол кәдімгідей азап тартты. ¨He screamed in pain as he fell to his knees. – Тізерлей құлағанда жанына батып шыңғырды. ¨∼ in smth He felt a sharp pain in his knee. – Тізесі шаншып кетті. ¨chronic/acute/severe pain – ұдайы/ өткір (қатты)/ ауыр шаншу/ қақсау ¨patients suffering from back pain – арқа шаншуынан қиналатын/ қиналған науқастар ¨stomach/chest/abdominal/back pains – асқазан/ кеуде/ іш/ арқа шаншулары ¨You get more aches and pains as you get older. – Жас келе ауру мен шаншу көбейеді. ¨The booklet contains information on pain relief during labour. – Толғақ кезінде шаншуды азайту туралы кітапша/ буклет. ¨This cream should help to relieve the pain. – Мына май(дың) шаншуды/ солқылды басуы тиіс. ¨These pills should ease the pain. – Мына дәрі(нің) шаншуды бәсеңдетуі тиіс. ¨to feel/experience/suffer pain – шаншу/ шаншудан қиналу ¨It's wrong to inflict pain on any animal. – Не жануар болса да қинау дұрыс емес. ¨I was able to learn pain management techniques. – Шаншуды еңсеру/ Шаншуға көндігу амалдарын үйрене алдым. 2.қиындық, қиналу, ауыртпалық ¨the ∼ of smth the pain of separation – ажырасу тауқыметі ¨the ∼ of doing smth It took him several years to get over the pain of losing his job. – Жұмыстан айырылу азабын ұмыту үшін оған бірнеше жыл кетті/ Жұмысынан айырылған соң көңілінің жай табуына бірнеше жыл кетті. ¨I never meant to cause her pain. – Оның жанын жаралайын деген (деп ойлаған) жоқ едім. ¨the pleasures and pains of growing old – есеюдің жақсы және қиын жақтары ¨a life full of pain and suffering – қиындық пен ауыртпалыққа толы өмір 3. (informal) пәле, азап, қырсық, кесел ¨She can be a real pain when she's in a bad mood. – Жыны келсе ол қуырып жібереді. ¨It's a pain having to go all that way for just one meeting. – Бір ғана жиналыс/ кездесу үшін сол жаққа салпаңдау – азап. 4. (idm) *no pain, no gain (saying) қиналмасаң, пайда жоқ, қиналмасаң, табысқа жетпейсің *on/under pain of smth (formal) бірнәрсемен қорқытып ¨They were required to cut pollution levels, on pain of a £10 000 fine if they disobeyed. – Олардан ластану деңгейін азайтуды талап етті, әйтпеген жағдайда £10 000 айыппұл саламыз деді. *a pain in the neck (BrE also a pain in the arse/backside) (NAmE also a pain in the ass/butt) (informal) (кісі не нәрсе ж) пәле, азап, қырсық, кесел ¨That man's a pain in the neck! – Ана кісі – барып тұрған қырсық! B.v (formal) ауырту, шаншыту, қақсату, солқылдау; жанына батыру, қинау (syn: hurt) ¨∼ smb She was deeply pained by the accusation. – Өзіне тағылған айып жанына батты. ¨(old use) The wound still pained him occasionally. – Жара анда-санда оның жанына батып/ оны қинап жүрді. ¨it pains smb to do smth It pains me to see you like this. – Мына түрің жаныма батады. ¨it pains smb that… It pained him that she would not acknowledge him. – Оның (әйелдің) елемеуі оның (еркектің) жанына батты.