painful [ˈpeɪnfl] adj 1.ауыртатын, қинайтын, ауыр ¨Is your back still painful? – Арқаң әлі шаншып/ қақсап/ ауырып тұр ма? ¨a painful death – қиналып өлу ¨My ankle is still too painful to walk on. – Тобығым әлі ауырып, жүргізбейді. ¨He took a painful blow on the shoulder. – Кеудесіне ауыр соққы тиді. ¨It was a difficult and painful operation. – Ол бір күрделі де ауыр операция болды. 2.қинайтын, кейітетін, ашындыратын, қысылтатын ¨Seeing her again brought back painful memories. – Оның қайта көріп, қиын күндер еске түсті. ¨My parents' divorce was a very painful experience for me. – Ата-анамның ажырасуы маған ауыр тиді. ¨Christmas can be a painful reminder of the loss of a loved one. – Рождество аяулы адамыңнан айырылысты еске салатын мұңлы шақ болуы мүмкін./ Рождествода кейде дүниеден озған жақын адамыңды ойлап мұңаясың. ¨∼ to do smth Their efforts were painful to watch. – Олардың мықшыңдауына қарау жанға батты. ¨I find it extremely painful to read the daily news. – Күнделікті хабарды оқу мен үшін аса қиын. ¨∼ for smb (to do smth) It's very painful for a kid to face up to that kind of thing. – Ондай нәрсені көру сәби үшін өте ауыр. ¨∼ doing smth It was painful watching them get it all wrong. – Олардың қате тірлігін көру жанға ауыр тиді. ¨∼ to smb The subject of his failed marriage was quite painful to him. – Ол әйелімен ажырасуы жайлы айтқысы келмейтін. 3.қиын, ауыр, жайсыз, сарсылтатын, қажытатын (syn: trying) ¨Applying for jobs can be a long and painful process. – Жұмыс табу кейде адамды діңкелетіп жібереді.