pair [peə(r)] A.n 1. ∼ (of smth) жұп, қос, екі ¨a pair of shoes/boots – аяқ киім(дер) жұбы ¨a pair of gloves/earrings – қолғап/ сырға жұбы ¨She pulled on the pair of socks he handed her. – Ол оның берген носкилерін киіп алды. ¨a huge pair of eyes – ірі қос жанар ¨A pair of hands grasped her shoulders. – Қос қол оның иықтарына жармасты. ¨a pair of aces/kings – қос тұз/ король (карта ойынында) ¨The winner will receive a pair of tickets to Reykjavik. – Жеңімпаз Рейкьявикке қос/ екі билет алады. ¨The vase is one of a matching pair. – Бұл ваза – сыңарлардың бірі. ¨Vermeer painted the two pictures as a pair. – Вермир екі суретті жұп ретінде салған. 2. ∼ (of smth) (екі бөліктен тұратын бір зат) ¨a pair of trousers/pants/jeans – (бір) шалбар/ сым ¨a pair of glasses/binoculars/scissors – (бір) көзәйнек/ дүрбі/ қайшы ¨Buy one pair of glasses and get a second pair free. – Бір көзәйнек сатып алып, екіншісін тегін ал(ыңыз). ¨He was wearing a nice pair of denim jeans. – Ол әдемі деним джинс киіп жүрді. 3.жұп, қосақ (бірге істейтін/ жүретін екі адам) ¨Get pairs of students to act out the dialogue in front of the class. – Студенттерді қос-қостан класс алдында диалогқа жаттықтыр. ¨Get the students to do the exercise as pair work. – Студенттер жаттығуды жұп-жұп болып істесін. ¨(informal) I've had enough of the pair of you! – Екеуіңнен көрдім-ау!/ Екеуің, жетеді енді!/ Екеуің тойғыздыңдар-ау! ¨They might seem an unlikely pair, but they've been friends for years. – Екеуі жұп болып көрінбеуі мүмкін, бірақ көп жылдан бері дос. 4.қосақ, жұп (аң-құстың аталық-аналық/ еркек-ұрғашы жұбы) ¨a breeding pair – төлдейтін/ қашатын қосақ ¨a pair of swans – қос аққу ¨pair bonding – қосақталу/ қос-қос болып бөліну (аң-құс қашатын/ ұрықтанатын кезде) 5. (арба сүйрейтін) қос ат ¨a carriage and pair – арбаға қатылған қос ат 6. (idm) *in pairs екі-екіден, қос-қостан, жұп-жұптан ¨Students worked in pairs on the project. – Оқушылар жоба бойынша жұп-жұп болып істеді. ¨These candles only come in pairs. – Бұл май шамдар қос-қостан сатылады. *I’ve only got one pair of hands (informal) «Менің қолым екеу ғана», шамам жоқ, қолым бос емес дег мағ *a pair of hands (informal) жұмыс істейтін адам, жұмыс күші ¨We need an extra pair of hands if we're going to finish on time. – Уақтында бітіру үшін бізге тағы бір адам керек. *a safe pair of hands (especially BrE) жұмыс тапсырғанға сенімді адам ¨Colleagues regard him as a safe pair of hands. – Әріптестері оған сенеді. B.v 1.жұптастыру, жұптау, екі-екіден/ қос-қостан орналастыру, қосақтау ¨be paired with smb/smth Each foreign student was paired with a local student. – Әр/ Әрбір шетелдік студент бір жергілікті студентпен жұптастырылды. ¨be paired (together) All the shoes on the floor were neatly paired. – Едендегі аяқ киімдердің бәрі жұп-жұбымен ретті қойылған. 2. (specialist) (аң-құс ж) қосақталу, жұптасу ¨Many of the species pair for life. – Особьтардың көбі/ көпшілігі – өмірлік/ ғұмырлық қосақтар. 3. (phr v) *pair off (with smb) | pair smb off (with smb) (ғашықтық қатынастар ж) қосақтасу, жұптасу, бірге жүру; екі адамның басын қосу, жұптастыру ¨It seemed that all her friends were pairing off. – Оған достарының бәрі сыңар тауып жатқандай көрінді. ¨He's always trying to pair me off with his cousin. – Ол ылғи мені өзінің жиенімен жақындатқысы келеді. *pair up (with smb) | pair smb up (with smb) екеулесу, екеуара жиылу/ бас қосу, жұптасу, жұптастыру, екеуінің басын қосу ¨Julie paired up with Rob for the quiz. – Куизға Джулиді Робпен жұптастырды.