pale [peɪl] A.adj (paler, palest) 1.ақ, аққуаша, аққұба; боз, қуаңқы, сұр ¨a pale complexion – жүзі/ түрі ақ/ аққуаша ¨She was tall with a slender figure and pale skin. – Ол бойшаң, жіңішке келген және аққуаша еді. ¨pale with fear/shock – шошып/ түршігіп бозарған/ қуарған ¨to go/turn/grow pale – бозару/ бозарып кету/ қуару/ сұрлану/ қуаңқы тарту ¨You look pale. Are you OK? – Бозарып тұрсың ғой. Қалайсың? ¨Her face had grown deathly pale. – Жүзі боп-боз болып кетті. ¨The ordeal left her looking pale and drawn. – Ауыртпалықтан кейін ол бозарып, қуаңқы/ қарасұр тартты. 2.ашық түсті, ақшыл, бозғылт, ақбоз (oppdarkdeep) ¨pale blue eyes – бозғылт көгілдір көздер ¨a paler shade of green – ақшыл жасыл реңк ¨a pale sky – бозғылт/ ақбоз аспан ¨The flowers were pale and wilted. – Гүлдер бозарып, сола бастапты. 3. (жарық, сәуле ж) бозғылт, әлсіз ¨the cold pale light of dawn – таңның суық бозғылт сәулесі B.v 1. (at smth) бозару, бозғылт тарту, ағару, қуару, қуаңқы тарту, сұрлану, сұрқылдану, солғындау ¨She paled visibly at the sight of the police car. – Полиция машинасын көргенде ол әжептәуір қуарып/ сұрланып кетті. ¨The blue of the sky paled to a light grey. – Көк аспан бозарды/ қуаңқы тартты. 2. (idm) *pale beside/next to smth | pale in/by comparison (with/to smth) | pale into insignificance көлеңкесінде қалу/ қалдыру, көлегейлеу, шаңына ілестірмеу/ ілеспеу ​¨Last year's riots pale in comparison with this latest outburst of violence. – Өткен жылғы бұзақылықтар осы соңғы дүрбелеңнің көлеңкесінде қалды. ¨Our problems pale into insignificance when compared to theirs. – Біздің проблемаларымыз олардыкінің жанында әншейін ғана. C.n (idm) *beyond the pale жөнсіз, ақылға қонымсыз/ сыймайтын ¨His remarks were clearly beyond the pale. – Оның сөздері тым артық кетті. ¨She has put herself beyond the pale. – Оның қылықтары тегі жөнсіз болды.