pant [pænt] A.v 1.ентігу, алқыну, демігу, солықтау, танаулау ¨She finished the race panting heavily. – Ол мәреге жүрегі аузына тығыла/ екі иінінен дем ала жетті. ¨She could hear him panting up the stairs. – Ол оның баспалдақпен алқына көтеріліп бара жатқанын естіді. ¨He found her panting for breath at the top of the hill. – Ол оны төбенің үстінде ентігіп/ алқынып тұрған жерінен тапты/ көрді. ¨‘Wait for me!’ he panted. – «Мені күт/ тос!» деп ол демікті. 2. (idm) *puff and pant (also puff and blow, informal) ентігу, алқыну, демігу ¨Eventually, puffing and panting, he arrived at the gate. – Ақыры, аһ-үһ деп/ жүрегі аузына тығыла, ол қақпаға жетті. 3. (phr v) *pant for/after smb/smth тілеу, аңсау, қалау ¨The end of the novel leaves you panting for more. – Роман біткенде тағы жалғасса екен деп тілейсің. B.n ентігу(шілік), демігу, тсс ¨His breath came in short pants. – Ол ентігіп әрең дем алып тұрды./ Ол екі иінінен дем алып тұрды.