paper [ˈpeɪpə(r)] A.n 1.қағаз ¨a piece/sheet of paper – бір парақ/ бет қағаз ¨She wrote her name and address on a slip of paper. – Өз аты мен адресін тілдей қағазға жазды. ¨He scribbled the number on a scrap of paper. – Ол номерді бір қағазға шимайлай жазды. ¨a package wrapped in brown paper – қоңыр қағазға оралған орам ¨recycled paper – қайта өңделген қағаз ¨Make sure you have pen and paper handy. – Жаныңда қаламың мен қағазың болсын. ¨on/onto ∼ The image is copied onto paper. – Бейне қағазға көшіріледі. ¨He brought his lunch in a brown paper bag. – Ол түскі асын қоңыр қағаз дорбамен/ пакетпен алып келді. ¨a paper cup/plate/napkin – қағаз стакан/ табақ (тарелка)/ дәсмал (майлық) ¨This journal is available in paper and electronic form. – Бұл журнал қағаз және электрон күйінде бар. ¨Experience is more important for this job than paper qualifications. – Бұл жұмыс үшін диплом-куәліктен гөрі тәжірибе маңыздырақ. ¨paper losses/profits – қағаз жүзіндегі шығындар/ кірістер 2.газет ¨the daily/morning paper – күн сайынғы/ таңғы газет ¨the local paper – жергілікті газет ¨Have you seen today's paper? – Бүгінгі газетті көрдің бе? ¨He sat down to read the paper. – Ол отырып газет оқыды. ¨in the ∼ I read about it in the paper. – Бұл жайлы газетте(н) оқыдым. ¨She put an ad in the paper pleading for the dog's return. – Ол итті қайтаруды өтініп, газетке хабарлама берді. ¨The papers soon got hold of the story. – Көп ұзамай әңгіме газеттердің құлағына шалынды. 3. ∼s қағаздар (хаттар, документтер, жазбалар, тсс) ¨His desk was covered with books and papers. – Столының үстінде кітаптар мен қағаздар үйіліп жатты. ¨a stack/pile of papers – үйілген қағаздар/ қағаздар үймесі/ үйіндісі ¨I found these documents among my father's papers after his death. – Бұл документтерді әкем қайтыс болғаннан кейін оның қағаздарының арасынан таптым. ¨He increasingly confined himself to his study, surrounded by books and papers. – Ол оқудан бас алмайтын болды; айналасы қағаз бен кітапқа толған. ¨It's hard to work if there's a stack of papers on your desk. – Столыңда қат-қат қағаз тұрса, жұмыс істеу қиын. ¨She was sorting through a big pile of papers. – Ол бір үйме қағазды ақтарып шықты. ¨She was clutching her file full of papers. – Ол қағаз толы папкісін кеудесіне қыса ұстаған. ¨He didn't leave behind much in the way of memoirs, letters, or other personal papers. – Ол артынан естеліктер (мемуарлар), хаттар не жеке бір қағаздар түрінде пәлендей көп нәрсе қалдырмады. ¨He destroyed all his personal papers relating to the period. – Сол кезеңге қатысты жеке қағаздарының бәрін өзі жойды. ¨She had access to all of Karen Blixen's private papers. – Оның Карен Бликсеннің жеке қағаздарының барлығын көре алатын мүмкіндігі болды. 4. ∼s жеке куәлік, жеке қағаздар, жеке документтер/ құжаттар ¨identity papers – жеке құжаттар ¨The couple filed divorce papers at Los Angeles court on Monday. – Ерлі-зайыптылар Лос-Анджелестегі бір сотқа ажырасу туралы қағаздар тапсырды. ¨Teresa signed the adoption papers. – Тереза асырап алу қағаздарына қол қойды. ¨Immigration officials will ask to see your papers. – Иммиграция қызметкерлері жеке құжаттарыңызды сұрайтын болады. 5. (BrE) емтихан сұрақтары; емтихан қағаздары, жауап қағаздары ¨The geography paper was hard. – Географиядан емтихан сұрақтары қиын болды. ¨She spent the evening marking exam papers. – Ол кеш бойы емтихан сұрақтарына дайындалумен болды. 6.ғылыми мақала, (жарияланған) зерттеу жұмысы ¨a recent paper in the Journal of Medicine - Journal of Medicine-де жақында басылған мақала ¨∼ on smth He has published a research paper on the topic. – Осы тақырып бойынша ол зерттеу мақаласын жариялады. ¨a consultation/discussion paper – консультациялық мақала/ талдау мақаласы ¨She was invited to give a paper at an international scientific congress. – Оны халықаралық ғылыми конгреске сөз сөйлеуге шақырды. 7. (NAmE) шығарма (студенттің) ¨Your grade will be based on four papers and a final exam. – Бағаң(ыз) төрт шығарма мен қорытынды емтиханға негізделетін болады. ¨∼ on smth I'm writing a paper on ‘Macbeth’. – «Макбеттен» шығарма жазудамын. 8.тұсқағаз, обои ¨The room was damp and the paper was peeling off. – Бөлме нәм/ ылғал болғандықтан тұсқағаздар ажырай бастапты. 9. (idm) *not worth the paper it’s written/printed on «өзі басылған қағаздай құны жоқ», (келісімшарт, документ ж) заң жүзінде жарамсыз, тсс *on paper a) қағазға жазу b) қағаз жүзінде ¨The idea looks good on paper. – Қағаз жүзінде идея/ ой жақсы көрінеді. *put pen to paper жазу, жаза бастау B.v 1. ∼ smth тұсқағаз/ обои жапсыру 2. (phr v) *paper over smth a) үстінен тұсқағаз/ обои жапсыру (syn: wallpaper) ¨The previous owners had obviously papered over any damp patches. – Бұрынғы қожайындар зәй тартқан/ көгерген тұстарды тұсқағазбен жапқан сияқты. b) проблеманы көрсетпеуге тырысу, жауып қою ¨The government is trying to paper over the cracks in the cabinet. – Үкімет кабинетте пайда болған жікті/ сызатты білдірмеуге тырысуда. ¨We can't just paper over the problem. – Проблеманы жылы жауып қоя алмаймыз.