parent [ˈpeərənt] n 1.ата-ана, әке-шеше ♦He's still living with his parents. – Ол әлі ата-анасымен/ әке-шешесімен тұрады. ♦Sue and Ben have recently become parents. – Сью мен Бен жақында балалы болды. ♦It can be difficult to be a good parent. – Жақсы ата-ана болу қиын. ♦her adoptive parents – оны(ң) асырап алған ата-анасы ♦It's not easy being a foster parent to these children. – Бөтен баланы қамқорлыққа алу оңай емес. ♦his biological/birth parents – туған әке-шешесі ♦Emma is a lone parent with two children. – Емма – екі баласы бар жалғызбасты ата-ана. ♦More childcare options and more paid leave will improve the lives of working parents. – Балаға қамқорлықтың артуы және ақылы декрет жұмысбасты ата-аналардың өмірін жақсартады. 2.төлдеуші аң-құс, ата-ене; аналық өсімдік, «төркін» өсімдік (тамырынан не сабағынан басқа өсімдіктер өсетін өсімдік) ♦the parent bird/tree – ата-ене құс/ аналық ағаш 3.басты, бас ♦a parent bank and its subsidiaries – басты банк пен оның филиалдары/ тармақтары/ еншілестері ♦The subsidiary eventually outgrew its parent company and took it over. – Еншілесі/ Филиалы өзінің бас компаниясынан түбінде асып кетіп, оны өз құрамына қосты.