park [pɑːk] A.n 1.парк, саябақ ♦Hyde Park – Гайд-парк ♦in the ∼ We went for a walk in the park. – Паркке барып, жүрдік. ♦A public park will be built around the complex. – Бұл комплекстің төңірегінде қоғамдық парк/ қоғам паркі салынатын болады. ♦a park bench – парк орындығы (скамейкасы) ♦the park entrance/gates – парк кіреберісі/ қақпасы 2. (белгілі бір мақсатқа пайдаланылатын тұс) парк ♦a business/science park – бизнес-парк/ ғылыми парк ♦a wildlife park – қорық ♦a park ranger – қорық қарауылы / күзетшісі ♦She lives in a trailer park in Tucson, Arizona. – Ол Тусонда (Аризона) трейлер-паркте (трейлерлер уақытша не тұрақты орналасқан жер) тұрады. 3.бақ, парк (Британияда ауылдағы үйге қарасты жер) ♦The cottage is set within the park of a country house. – Коттедж ауылдағы үйдің бағында/ паркінде орналасқан. ♦The houses and parks in Georgian Sussex represented leisured society at its peak. – Георг дәуіріндегі Сассекстегі үйлер мен бақтар/ парктер тұрмысты/ ауқатты тапқа тиесілі болған. 4. (NAmE) парк, алаң (ойнайтын жер) ♦With a mighty swing he hit the ball right out of the park. – Таяқпен құлаштай ұрғанда, доп алаңның сыртына шығып кетті. 5. the ∼ (BrE) футбол/ регби алаңы ♦the fastest man on the park – алаңдағы ең шапшаң адам 6. (idm) *a walk in the park (informal) оңай іс, жеңіл мәселе ♦The role isn't exactly a walk in the park. – Ол роль оңай емес етін. ♦The next game will be a walk in the park. – Келесі ойын оңай болады. B.v 1.машинаны қою, парктеу ♦He parked and went inside. – Ол машинаны/ машинасын қойды да ішке кірді. ♦∼ You can't park here. – (Машинаңды) мұнда қоюға болмайды. ♦He's parked very badly. – Ол дұрыс қоймапты. ♦∼ smth You can't park the car here. – Машинаны бұнда қоюға болмайды. ♦I am parked just outside. – Дәл сыртқа қойдым. ♦a parked car – қой(ыл)ған машина 2. ∼ smth (informal) қоя тұру, қойып қою ♦Just park your bags in the hall until your room is ready. – Бөлмең(із) даяр болғанша сумкаларың(ыз)ды залда қоя тұр(ыңыз). 3. ∼ yourself (informal) отыра/ тұра тұру ♦She parked herself on the edge of the bed. – Ол төсектің шетіне отырды. 4. ∼ smth (business, informal) (жоспарды, ойды) қоя тұру, шегере тұру ♦Let's park that until our next meeting. – Оны келесі жиналғанымызша қоя тұралық. 5. (phr v) *park up | park smth (especially BrE) көлікті уақытша қоя тұру/ қойып қою ♦People want to be able to park up and pop into the shop. – Жұрт көлігін қоя салып, дүкенге кіріп-шыққанға мүмкіндігі болғанын қалайды. ♦I couldn't get parked up anywhere near the restaurant. – Ресторанның жанында машина қояр жер таппадым. ♦I parked up the moped and waited at the crossroads. – Мопедті қойып, жол қиылысында күттім.