parking [ˈpɑːkɪŋ] n 1.көлікті тұраққа қою, парктеу ♦There is no parking here between 9 a.m. and 6 p.m. – Бұнда таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін көлік қоюға болмайды. ♦I managed to find a parking space. – Әйтеуір көлік қояр жер таптым. ♦a parking fine – дұрыс қоймағаны үшін айыппұл 2.автотұрақ, тұрақ, паркинг, паркиң ♦The hotel is centrally situated with ample free parking. – Қонақ үй орталықта орналасқан, машина қоятын үлкен жері бар. ♦parking for 300 cars – 300 көлікке арналған тұрақ/ паркиң ♦There is off-street parking at the front of the house. – Үйдің алдында, көшеге жетпей көлік қоятын жер бар. ♦The town has free on-street parking. – Қалада көлікті көшеге тегін қоюға болады.