parry [ˈpæri] A.v (pt, pp parried [ˈpærid]) 1. ∼ (smth) қорғана итеру/ бұру, қайтару, тойтару (syndeflect) He parried a blow to his head. – Ол басына көзделген соққыны тойтарды. The shot was parried by the goalie. – Соққыны қақпашы қайтарды. He watched the boxers jab and parry. – Ол боксшылардың бірін-бірі түйгілегеніне, қорғанғанына қарап отырды. 2. ∼ smth (сұрақтан) жалтару, тура жауап бермеу (synfend off) She parried all questions about their relationship. – Ол өздерінің қарым-қатынасы жайлы сұрақтардандың барлығына жалтара жауап берді. B.n (pl -ries) 1. қорғана итеру(шілік)/ бұру, қайтару, тойтару (syndeflection) The free kick was well struck but the goalkeeper made a good parry. – Еркін соққы жақсы тебілгенімен қақпашы жақсы қайтарды. 2. (сұрақтан) жалтару, тура жауап бермеу the thrust and parry of open debate – ашық дебаттағы/ пікіралмасудағы текетірес/ күш сынасу