part [pɑːt] A.n 1. ∼ of smth бөлік, жақ, қыр, парша ♦We spent part of the time in the museum. – Біраз уақыт музейде өткіздік. ♦Part of the building was destroyed in the fire. – Өрт үй-жайдың бір бөлігін/ жағын/ паршасын жойды. ♦Part of the problem is that more and more people live alone. – Проблеманың тағы бір жағы – жалғызбасты кісілер көбеюде. ♦Voters are given only part of the story. – Сайлаушыларға әңгіменің шет жағасын ғана айтқан. ♦Part of me feels sorry for him. – Оны аяңқыраймын. ♦We spent a good part of the day rehearsing. – Күннің көп бөлігін репетициялаумен болдық. ♦The mountains are covered with snow for a large part of the year. – Жылдың көп бөлігінде тауларда қар жатады. ♦The early part of her life was spent in Paris. – Өмірінің алғашқы бөлігін Парижде өткізді. ♦the latter part of the 19th century – ХІХ ғасырдың аяғы/ кейінгі бөлігі ♦Making mistakes is an integral part of the learning process. – Қате жіберу – оқу процесінің ажырамас бөлігі. ♦We've done the difficult part of the job. – Жұмыстың қиын бөлігін бітірдік. ♦an important/essential part of the project – жобаның маңызды/ өзекті бөлігі ♦Wool production was a key part of the economy. – Жүн өндірісі экономиканың өзекті бөлігі болды. ♦in parts The novel is good in parts. – Романның кейбір жерлері жақсы. ♦The procedure can be divided into two parts. – Процедураны екі бөлікке бөлсе болады. ♦The worst part was having to wait three hours in the rain. – Ең қиыны жаңбыр кезінде пойызда үш сағат қамалып отырған болды. ♦Snacks can be part of a healthy eating plan. – Ұсақ тағам (закуска) салауатты тамақтанудың бір бөлігі бола алады. ♦You need to be able to work as part of a team. – Топтың құрамдас бөлігі ретінде/ Топтың бір мүшесі ретінде жұмыс істей алуың керек. ♦Under the Saxons, Westmorland formed part of the Kingdom of Northumberland. – Саксондар билеп тұрған кезде Уэстморләнд Нортумберләнд корольдігінің бір бөлігі болған. ♦Antibiotics have become part of our daily existence. – Антибиотиктер күнделікті тіршілігіміздің бір бөлігі болды. 2.мүше, бөлік, бөлшек ♦parts of the body – дене мүшелері ♦It may one day be possible to grow new body parts in the laboratory. – Бір күні лабораторияда дене мүшелерін өсіру мүмкін болатын болады. ♦Different insects feed on different parts of the plant. – Түрлі шіркейлер өсімдіктің түрлі бөлігінде қоректенеді. 3.бөлшек, қосалқы бөлшек, бөлік ♦The factory manufactures aircraft parts. – Завод ұшақ бөлшектерін жасайды. ♦car/machine/engine parts – машина/ жабдық/ мотор бөлшектері/ бөліктері ♦the working parts of the machinery – жабдықтың жұмыс істейтін бөліктері ♦Where can I get spare parts for my bike? – Велигіме қосалқы бөлшектер қайдан тапсам болады? 4.жақ, тұс, бөлік ♦The island is mostly flat, but there are some hilly parts. – Арал, негізі, жазық, бірақ кейбір тұстарда төбелер бар. ♦∼ of smth the northern part of town – қаланың теріскейі/ солтүстік бөлігі ♦different parts of the world/country – әлемнің/ елдің түрлі тұстары ♦Which part of Japan do you come from? – Жапонияның қай жерінен/ жағынан боласың(ыз)? ♦Come and visit us if you're ever in our part of the world. – Біздің жақта бола қалсаңыз, бізге келіңіз/ келіп-кетіңіз. 5. ∼s (old-fashioned, informal) аймақ, тұс, өңір, жақ, жер ♦She's not from these parts. – Ол бұл жақтан емес. ♦He's just arrived back from foreign parts. – Ол енді/ жаңа ғана шетелден келді. 6. (abbr pt) бөлім, тарау, серия ♦The documentary was screened in four parts. – Деректі фильм төрт бөлімнен тұрады. ♦Henry IV, Part II – IV Генрих (Һенри), II бөлім ♦The final part will be shown next Sunday evening. – Соңғы бөлімі алдағы жексенбі кешке көрсетіледі. 7.роль (актердің) ♦She played the part of Juliet. – Ол Джульеттаны ойнайды. ♦(figurative) He's always playing a part. – Ол паңданады да жүреді. ♦Have you learned your part yet? – Рөліңнің сөзін жаттадың ба? ♦∼ in smth He got a small part in a West End play. – Ол Уэст Енд сериалында шағын рөлде ойнайды. ♦in a ∼ She was very good in the part. – Ол өз рөлін өте жақсы ойнап шықты. 8.құрамдас бөлігі болу, араласу, тсс ♦Luck played a big part in their success. – Олардың көбінесе жолы болып табысқа жетті. ♦She plays an active part in local politics. – Ол жергілікті саясатта белсенді рөл атқарады. ♦We all have a part to play in the fight against crime. – Қылмысқа қарыс күреске бәріміздің де атсалысумыз керек. ♦He had no part in the decision. – Ол шешімге біз араласпадық. ♦I want no part of this sordid business. – Бұндай сиықсыз іске араласқымыз келмейді. 9.белгілі бір муз-қ аспапқа (инструментке) не дауысқа арналған музыка/ ырғақ ♦the clarinet part – кларнет бөлігі ♦The first two verses of the song are set in four-part harmony. – Әннің алғашқы екі жолы төрт дауысқа арналған. ♦I can play the guitar part to that song. – Әнді гитарамен сүйемелдей аламын. 10.бөлік, мөлшер ♦Add three parts wine to one part water. – Үш бөлік шарапқа бір бөлік су қос. ♦fluoride levels of 0.2 parts per million – миллионға 0.2 бөліктен келетін флорид деңгейі 11. (NAmE) (BrE parting) айрық, айырым (таралған шаштың екіге бөлінген жігі, орысша: пробор) 12. (idm) *be greater/more than the sum of its parts топ ретінде/ бірлескенде жақсы, пәрменді болу ♦The team is greater than the sum of its parts. – Топ бірлесе жақсы әрекет етеді./ Топтың қадірі/ бағасы - бірлігінде. *the best/better part of smth көп бөлігі(н)/ уақыты(н) ♦He drank the best part of a bottle of Scotch waiting for her to get home. – Ол (әйел) үйге жеткенше, ол (еркек) шотланд вискиінің көбін тауысты. ♦The journey took her the better part of an hour. – Ол бір сағаттай жүрді. *discretion is the better part of valour (saying) [қ-з: discretion (3)] *for the most part негізі(нен), жалпы; әдетте ♦The contributors are, for the most part, professional scientists. – Үлес қосқандар, жалпы/ негізі, кәсіби ғалымдар. *for my, his, their, etc. part меніңше, оныңша, олардың пікірінше (syn: personally) ♦For my part, I would reject all these arguments. – Өз басым, бұл дәлелдердің ешбірін қабылдамаймын. *in large part | in large measure [қ-з: large (A3)] *in part ара-тұра, кейде, біршама, арасында ♦Her success was due in part to luck. – Табысқа жетуіне жолының болуы да әсер етті. ♦Your salary depends in part on your qualifications. – Жалақың біліктілігіңе де/ квалификацияңа да байланысты. *look/dress the part ұқсау, сияқты болу ♦He acts and dresses the part of a gentleman. – Ол джентльменше жүріп-тұрады, киінеді. ♦He was a pirate in the school play and certainly looked the part. – Ол мектеп пьесасында қарақшы болып ойнады және өзі де қарақшыға ұқсайтын. ♦If you want to be taken seriously in business, you have to dress the part. – Бизнесте саған дұрыс қарасын десең, дұрыс киін. ♦If you want people at work to believe that you're a professional, you have to dress the part. – Жұмысыңда профессионал екеніңді білсін десең, лайықты/ лайығынша киін. ♦You can be an amazing actor, but to land a role, you also have to look the part. – Сен қызықты актер болсаң болады, алайда ол рөлді алу үшін соған сай болуың керек. ♦You look the part of an English gentleman, so people trust you. – Ағылшын джентльменіне ұқсайсың, сондықтан жұрт саған сенеді. *a man/woman of (many) parts сегіз қырлы, бір сырлы, ісмер, шебер *on the part of smb/on smb’s part біреудің, біреудің жағынан болған ♦It was an error on my part. – Бұл менің қатем болды. *part and parcel of smth бірн-ң негізгі бөлігі ♦Keeping the accounts is part and parcel of my job. – Бухгалтерия – негізгі жұмысым. *part of the furniture (informal) «жиһаздың бөлігі», көз үйренген, сіңісті болып қалған нәрсе ♦I worked there so long that I became part of the furniture. – Ол жерде ұзақ істегенім соншама, сіңіп кеттім/ сол жердің бір бөлігі сияқты болып қалдым. *take smth in good part (BrE) өкпелемеу, көңіліне алмау, дұрыс қабылдау ♦He took the teasing in good part. – Қалжыңды көңіліне алмады. *take part (in smth) қатысу, араласу (syn: participate) ♦to take part in a discussion/demonstration/fight/celebration – талқыға/ таныстыруға/ төбелеске /мерекеге қатысу ♦How many countries took part in the last Olympic Games? – Олимпия ойындарына қанша ел қатысты? ♦They took little part in the discussion. – Олар талқыда аз ғана сөйледі. *take smb’s part (BrE) біреуді жақтау, біреудің жағына шығу (syn: side with) ♦His mother always takes his part. – Шешесі ылғи соның сөзін сөйлейді. B.v 1. (formal) біреуден кету, бөлек кету, қоштасу; айырылысу, ажырасу ♦We parted at the airport. – Бір-бірімізбен аэропортта қоштастық./ Біз әуежайда (бір-бірімізден) бөлек кеттік. ♦I hate to part on such bad terms. – Осындай жаман (жағдайда) айырылсқым келмейді. ♦∼ from smb He has recently parted from his wife. – Ол жақында әйелімен ажырасты. 2. ∼ smb (from smb) (formal) ажырату, айыру, бөлектеу, бөлу ♦I hate being parted from the children. – Балаларсыз болғым келмейді. ♦The puppies were parted from their mother at birth. – Туған кезде күшіктерді анасынан айырды. ♦I refused to be parted from my sisters. – Әпке-қарындастарымнан/ Әпке-сіңлілерімнен айырылысуға қарсы болдым. 3.ашылу, айырылу, жарылу ♦The crowd parted in front of them. – Олардың алдындағы жұрт айырыла жол берді. ♦The elevator doors parted and out stepped the President. – Лифт есіктері ашылып, ішінен президент шықты. ♦∼ smth Her lips were slightly parted. – Еріндері сәл ашылыңқырап тұрды. ♦She parted the curtains a little and looked out. – Ол перделерді сәл түріп, тысқа қарады. 4. ∼ smth шашын тарақпен бөлу/ жару ♦He parts his hair in the middle. – Ол шашын ортасынан бөледі. 5. (idm) *a fool and his money are soon parted [қ-з: fool (A4)] *part company (with/from smb) (also part ways (with/from somebody)) a) біреуден кету; айырылысу, ажырасу, қарым-қатынасын үзу ♦This is where we part company. – Осы жерден бөлек кетеміз. ♦The band have parted company with their manager. – Муз-қ топ менеджерлерімен айырылысты. ♦The band and their manager have parted company. – Топ пен олардың менеджері айырылысты. ♦He parted ways with the team at the end of the season. – Маусым соңында ол командадан кетті. b) біреумен келіспеу ♦Weber parted company with Marx on a number of important issues. – Уебер Маркспен бірқатар мәселеде келіспеді. ♦The two leaders parted ways on this question. – Осы мәселеде екі лидер өзара келіспеді. 6. (phr v) *part with smth біреуге бірн-е беру ♦Make sure you read the contract before parting with any money. – Ақша бермес бұрын контаркті жақсылап оқып ал. ♦She was very reluctant to part with her treasures. – Бағалы заттарын тегі бергісі келмеді. C.adv ішінара, біршама, біраз; жартылай ♦She's part French, part English. – Ол – жартылай француз, жартылай ағылшын. ♦His feelings were part anger, part relief. – Ол ашуланып та, жеңілденіп те тұрды. ♦The course is part funded by the European Commission. – Курстың біраз бөлігін Еврокомиссия қаржыландырады. ♦He is part owner of a farm in France. – Ол Франциядағы бір ферманың бір бөлігінің иесі.