partisan [ˈpɑːtɪzæn; ˌpɑːtɪˈzæn] A.adj (often disapproving) біржақты, сыңаржақ, алалайтын, субъективті (syn: one-sided) (opp: non-partisan) ♦Most newspapers are politically partisan. – Көп газет/ Газеттердің көбі - саяси біржақты./ Газеттердің көпшілігінің бүйрегі бұратын саяси бағыты бар. B.n 1.жақтаушы, жақ (адам), тілеулес, ниеттес (syn: follower) 2.партизан (жау басып алған жерде жауға қарсы жасырын қарулы әрекет ететін жасақ мүшесі) ♦By the end of 1944 German forces had driven the Italian partisans out of the region. – 1944 жылдың соңына қарай неміс қарулы күштері итальян партизандарын аймақтан тықсырып/ ығыстырып шығарды.