partner [ˈpɑːtnə(r)] A.n 1.сыңар, партнер, серік, серіктес, жұп(тас) ♦a dance/tennis partner – биден/ теннистен сыңар/ партнер ♦The teacher asked the students to choose a partner for the next activity. – Мұғалім келесі тапсырмаға әркімнің өзіне сыңар/ жұп/ партнер табуын сұрады. 2.серік, қосақ, жұп, сыңар, жолдас, партнер (жұбай не көңілдес) ♦Come to the New Year disco and bring your partner! – Жаңа жылдық дискоға қосағыңды/ жолдасыңды ерте кел! ♦This is my partner, Mark. – Бұл менің серігім, Марк! ♦a sexual/romantic partner – жыныстық/ романтикалық сыңар/ партнер 3.серік, серіктес, партнер (бизнесті бірге иеленіп, пайдасын бірге көретін адамдардың бірі) ♦∼ in smth a partner in a law firm – заң фирмасындағы партнер/ серік ♦a junior/senior partner – жас/ үлкен партнер/ серік(тес) ♦Maintain good relationships with your customers, employees and business partners. – Клиенттеріңмен, қарамағыңдағылармен және бизнес партнерларыңмен араң жақсы болсын. ♦He is the founder and managing partner of the gallery. – Ол - галереяны құрушы әрі басқарушы партнер. ♦William became a full partner in 2017. – Уильям 2017 жылы толық(тай) партнер болды. 4.әріптес, серіктес, партнер (өзара әрекеттестік орнатқан екі ел не ұйымның бірі) ♦a trading partner – сауда партнері/ әріптесі ♦The party was unable to find a coalition partner. – Партия өзіне коалициялық серік(тес) таба алмады. ♦India remains an important strategic partner for the United States. – Индия АҚШ-тың маңызды стратегиялық серіктесі/ серігі болып қалуда. B.v 1. ∼ smb (ойында, биде, тсс біреуге) сыңар/ серік/ жұп/ партнер болу ♦Gerry offered to partner me at tennis. – Джерри маған теннисте сыңар/ жұп/ партнер болуды ұсынды. 2. (компания ж) партнер/ әріптес/ серік(тес) болу ♦∼ with smb/smth Freshfoods usually partners with other companies to share risk. – Фрешфудз басқа компаниялармен серіктесіп, олардың тәуекелін/ рискін бөліседі. ♦We are very excited to be partnering with such a vibrant and dynamic company. – Біз осыншама жігерлі әрі тегеурінді компаниямен серіктесуге қуаныштымыз.