partnership [ˈpɑːtnəʃɪp] n 1. (бизнестегі) серіктестік, әріптестік, партнерлік to be in/to go into partnership – серіктес болу/ серіктестікті бастау in with smb/smth He developed his own program in partnership with an American expert. – Ол америкалық экспертпен серіктесе (отырып) өз программасын жасады. 2.серіктестік, жолдастық, әріптестік, қарым-қатынас, әрекеттестік Marriage should be an equal partnership. – Неке – өзара тең жолдастық болуы керек. with smb/smth the school’s partnership with parents – мектептің ата-аналармен әрекеттестігі between A and B a partnership between the United States and Europe – Құрама Штаттар мен Европа арасындағы әрекеттестік creative partnerships – творчестволық серіктестік a long-term partnership – ұзақ мерзімді әріптестік/ серіктестік a working partnership – кәсіби/ іскерлік серіктестік a partnership between the university and local colleges – университет пен жергілікті колледждер арасындағы серіктестік a partnership with an American company – американ компаниясымен әріптестік a unique partnership of private companies and trade unions – жеке(меншік) компаниялар мен кәсіподақтар арасындағы бірегей әрекеттестік a partnership status – серіктес/ партнер статусы/ мәртебесі 3.серіктестік, партнерлік (екі не одан көп адам иеленіп, пайдасын бірге көретін бизнес/ кәсіп) a junior member of the partnership – серіктестіктің кіші/ жас мүшелері