pass [pɑːs] A.v 1.емтихан тапсыру, сынақтан өту (opp: fail) ♦I'm not really expecting to pass first time. – Бірден/ Ә дегеннен емтихан тапсыра аламын деп ойламаймын. ♦She passed with flying colours. – Ол оп-оңай (емтихан) тапсырды. ♦∼ smth She hasn't passed her driving test yet. – Ол көлік жүргізу сынағынан әлі өткен жоқ. ♦pass an exam/examination – емтихан тапсыру 2. ∼ smb емтихан алу, сынақтан өткізу (opp: fail) ♦The examiners passed all the candidates. – Емтихан алушылар барлық кандидатты сынақтан өткізді. 3.жанынан/ қасынан өту ♦Several people were passing but nobody offered to help. – Бірнеше адам өткенімен, ешқайсысы көмекке келмеді. ♦I hailed a passing taxi. – Өтіп бара жатқан таксиге қол көтердім. ♦The security guard refused to let us pass. – Күзетші бізді өткізбей қойды. ♦∼ smb/smth to pass a barrier/sentry/checkpoint – кедергіден/ күзеттен/ тексеруден өту ♦You'll pass a bank on the way to the train station. – Пойыз станциясына барар жолда банктің қасынан өтесің(із). ♦She passed me in the street without even saying hello. – Көшеде ол жанымнан амандаспастан өте шықты. ♦Nobody has passed this way for hours. – Осы жолмен көптеген сағат ешкім өтпеді. ♦(especially NAmE) There was a truck behind that was trying to pass me. – Артымнан жүк машинасы келе жатқан, менен озбақ болды. 4.жүру, қозғалу, өту ♦The procession passed slowly along the street. – Шеру көшемен баяу қозғалды. ♦We passed through a security checkpoint. – Қауіпсіздік посты арқылы өттік. ♦A plane passed low overhead. – Ұшақ төбемізге жақын ұшты. ♦The air cools as it passes along the pipe. – Құбырдан өткен кезде ауа салқындайды. ♦After passing through tall gates, you follow a long curving drive. – Жолдағы ақы төлейтін постардан өткеннен кейін, бір ұзақ ирелең жол басталады. ♦Almost 7 million people pass through the museum's doors each year. – Жыл сайын музей есігінен 7 миллиондай адам өтеді. ♦The train passes through a desolate industrial landscape. – Поезд құлазыған индустриялы жермен өтеді. ♦As the water passes through, the membrane filters out most of the impurities. – Су өткенде мембрана лас нәрселерді сүзіп алады. ♦As they passed under the bridge they heard a noise above them. – Көпірдің астынан өткен кезде олар төбеден дабыр естіді. ♦As water passes over rocks, it dissolves many minerals. – Су тау жыныстары арқылы өткенде, көптеген минералдарды ерітеді. ♦They passed down winding streets. – Олар ирелең көшелермен жүрді. ♦They became used to hearing warplanes pass overhead. – Олар төбеден ұшқан соғыс ұшақтарына үйреніп кетті. 5. ∼ smth қозғалту, жүргізу ♦He passed the rope around the post three times to secure it. – Ол арқанды бағаннан үш рет айналдырып, мықтап байлады. ♦She passed her hand across her forehead. – Ол қолымен маңдайын сипады. 6.беру, қол ұзарту ♦∼ smth Pass the salt, please. – Тұз(ды) бере салшы/ беріңізші/ беріп жібер(іңіз)ші. ♦Pass that book over. – Кітапты бере сал. ♦∼ smth to smb He passed a note to his friend. – Досына записка берді. ♦∼ smb smth Pass me the salt. – Тұзды бер(гін). ♦Pass me over that book. – Ана кітапты бер(гін)/ бере сал. 7.хабарлау, информация беру ♦∼ smth to smb His wife had been passing information to the police. – Әйелі полицияға хабарлап отырған. ♦∼ smth They devised a method of passing secret messages. – Олар құпия хабар беретін тәсіл ойлап тапты. 8. (ойында) пас беру ♦∼ smth (to smb) He passed the ball to Sterling. – Ол допты Стрелиңге берді./ Ол Стерлиңге пас берді. ♦∼ (to smb) Why do they keep passing back to the goalie? – Олар неге кейін қақпашыға бере береді. ♦They should pass more. – Олардың көбірек пас берулері керек 9. (уақыт ж) өту ♦Almost fifty years have passed since that day. – Сол күннен бері елу жыл өтіпті. ♦Six months passed and we still had no news of them. – Алты ай болды/ өтті, олардан әлі хабар алмадық. ♦The time passed quickly. – Уақыт тез өтті. ♦We grew more anxious with every passing day. – Күн өткен сайын уайымымыз ұлғая түсті. 10. ∼ smth уақыт өткізу ♦We sang songs to pass the time. – Уақыт өтсін деп/ өткізу үшін өлең айттық. ♦How do you pass the long winter nights? – Ұзақ қысқы күндерді қалай өткізесің(із)? 11.өту, біту, аяқталу ♦They waited for the storm to pass. – Олар дауыл өтсін деп күтті. ♦It's just a phase which will eventually pass. – Бұл әйтеуір бір өтетін кезең ғана. ♦This is a record of an era long since passed. – Бұл баяғыда өткен/ өтіп кеткен дәуірден жеткен мәлімет. 12. ∼ from smth to/into smth бір күйден екінші бір күйге өту/ ойысу ♦She had passed from childhood to early womanhood. – Ол балалықтан алғашқы әйелдік кезеңге өтті. 13. ∼ to smb өту, берілу ♦On his death, the title passed to his eldest son. – Ол қайтыс болғанда атағы үлкен ұлына өтті. 14. ∼ smth асу, артылу, артық болып кету (syn: exceed) ♦Unemployment has now passed the three million mark. – Жұмыссыздық енді үш миллионнан асты. 15. (заң, ұсыныс, тб) қабылдау, бекіту, мақұлдау ♦∼ smth to pass a bill/law/resolution – заң жобасын/ заң/ қарар қабылдау ♦The Kansas State House narrowly passed the legislation last year. – Бұл заңды Канзас штатының кеңесі өткен жылы әрең қабылдады. ♦In 1996, Congress unanimously passed the Food Quality Protection Act. – 1996 жылы Конгресс Азық сапасын қорғау заңын бірауыздан қабылдады. ♦(especially NAmE) The bill is expected to pass the Senate. – Заң жобасын Сенат бекітпек/ бекітеді дейді. ♦∼ (by smth) The bill passed by 360 votes to 280. – Заң 360 та 280 дауыспен қабылданды. 16.рұхсат беру, қарсы болмау ♦I don't like it, but I'll let it pass. – Бұны жақсы көрмесем де қарсы болмаймын. ♦Her remarks passed without comment. – Оның сөздерін ешкім ерен қылмады. 17.өту, болу ♦∼ (between A and B) They'll never be friends again after all that has passed between them. – Араларында анандай нәрселер болғаннан кейін олар ендігәрі дос болмақ емес. ♦His departure passed unnoticed. – Оның кеткенін ешкім ерен қылмады. 18. ∼ (on smth) «пас», білмеймін дег мағ ♦‘What's the capital of Peru?’ ‘I'll have to pass on that one.’ – «Перудің астанасы не?» «Бұл сұрақты ысыруым керек/ білмеймін». ♦‘Who wrote ‘Catch-22’?’ ‘Pass.’ – «‘Catch-22’-ді кім жазды?» «Пас/ Білмеймін». 19. ∼ (on smth) ұсынған нәрсені қаламаймын дег мағ ♦Thanks. I'm going to pass on dessert, if you don't mind. – Рахмет. Қарсы болмасаң(ыз), десертті жемей-ақ қояйын. 20. ∼ smth (үкім, шешім) шығару, төрелік айту, қазылық жасау ♦The court waited in silence for the judge to pass sentence. – Судьяның үкім оқығанын сот залындағылар үнсіз күтті. ♦It's not for me to pass judgement on your behaviour. – Жүріс-тұрысыңа төрелік айтатын мен емес. ♦The man smiled at the girl and passed a friendly remark. – Ер кісі қызға жымиды да мейірлене сөйледі. 21. ∼ belief, understanding, etc. (formal) сену, түсіну қиын, адам сенгісіз/ түсінгісіз ♦It passes belief that she could do such a thing. – Ол осындай іске барады дегенге сену қиын. 22.карта ойнаудан не карта ойнында жүрістен бас тарту 23. ∼ smth денеден шығару ♦If you're passing blood you ought to see a doctor. – Қан ағып жатса, дәрігерге көрінуің керек. 24. (idm) *come to pass (old use) болу; әйтеуір ♦How did such a disaster come to pass? – Қалай ғана бұндай апат болды?/ Бұндай апат қалай (ғана) болды? ♦I wondered how it came to pass that a thinking man bore the prejudices of his unthinking parents. – Осындай ойшыл адамға ойсыз ата-анасының теріс түсініктері қалай жұққан деп таңғалдым. ♦It came to pass that their love for each other grew and grew. – Әйтеуір, олардың бір-біріне деген махаббаты өскен үстіне өсе түсті. *not pass your lips a) ләм демеу, үндемеу, жақ ашпау b) дәм татпау, нәр татпау, ешнәрсе жемеу-ішпеу *pass the hat round/around (informal) бірнеше адамнан ақша жию *pass muster [қ-з: muster (B2)] *pass the time of day (with smb) біреумен амандасып, шүйіркелесу *pass water (formal) кіші дәретке отыру, сию 25. (phr v) *pass smth around (BrE also pass smth round) беру, қол жалғау ♦Can you pass these pictures around for everyone to look at, please? – Мына суреттерді берші, әркім көріп шықсын/ көрсін. *pass as smb/smth (also pass for smb/smth) ұқсату, деп ойлап қалу/ қабылдау ♦He speaks the language so well he could easily pass for a German. – (Оның) жақсы сөйлейтіні сонша(ма), оны неміс екен деп қалады. ♦We had some wine - or what passes for wine in that area. – Шарап іштік - дәлірек айтқанда, сол жерде шарап деп жүрген бірнәрсе ішткі. ♦It is a violent and soulless film that cannot pass as entertainment on any level. – Бұл бір зорлық-зомбылыққа толы, мейірімсіз фильм – тіпті де өнер туындысы деуге болмайды. *pass away a) (also pass on) қайтыс болу, өмірден/ дүниеден озу ♦His mother passed away last year. – Анасы былтыр қайтыс болған/ болды. b) тіршілігін/ ғұмырын тоқтату ♦civilizations that have passed away – бұрын өткен цивилизациялар/ өркениеттер *pass by (smb/smth) жанынан/ қасынан өту ♦The procession passed right by my front door. – Шеру дәл алдыңғы есігімнің алдынан өтті. *pass smb/smth by айналып өту, әсер етпеу, қатысы болмау ♦She feels that life is passing her by. – Ол өмір өзін айналып өтіп жатқандай сезінеді./ Ол өмірден құр қалып жатқандай сезінеді. ♦The whole business passed him by. – Не болды, не қойды - оның мүлде хабары болмады./ Болған жайттан оның мүлде хабары болмады. *pass smth down ұрпақтан ұрпаққа өту/ берілу/ жету (syn: hand down) *pass for/as smb/smth = pass as smb/smth *pass into smth өту, ену, айналу ♦Many foreign words have passed into the English language. – Көптеген шет тілдері сөздері ағылшын тіліне енген. ♦His deeds have passed into legend. – Оның істері аңызға айналды. *pass off (BrE) (шара, оқиға ж) болу, өту ♦The demonstration passed off peacefully. – Демонстрация бейбіт/ тыныш өтті. *pass smb/yourself/smth off as smb/smth болмаса да сондай болып көріну/ көрсету, біреу/ бірн-е сияқты болып көріну, өзін әдейі ұқсату ♦He escaped by passing himself off as a guard. – Ол күзетші сияқты болып/ Ол күзетшімін деп/ Ол өзін күзетші сияқты көрсетіп қашып кетті. *pass on = pass away *pass smth on (to smb) беру, жеткізу ♦Pass the book on to me when you've finished with it. – Кітапты бітіргенде маған бер(гін). ♦I passed your message on to my mother. – Сәлеміңді анама жеткіздім. *pass out есінен танып қалу (syn: faint) *pass out (of smth) (BrE) әскери колледжді бітіру рәсімі ♦a passing-out ceremony – колледж тәмамдау рәсімі *pass smb over елемеу, ескермеу ♦He was passed over in favour of a younger man. – Жастау адам дұрыс болады деп оны ескермеді. *pass over smth елемеу, жалтару (syn: overlook) ♦They chose to pass over her rude remarks. – Олар оның дөрекі сөздеріне көңіл бөлмеген жөн деп ойлады. *pass through… арқылы өту, кіріп/ тоқтай өту ♦We were passing through, so we thought we'd come and say hello. – Өтіп бара жатқанбыз, сондықтан амандасып шығалық/ шығайық деп ойладық./ Өтіп бара жатқан соң, амандасып кетейік деп ойладық. *pass smth up (informal) мүмкіндікті пайдаланбауды ұйғару, мүмкіндікті пайдаланбай қою ♦Imagine passing up an offer like that! – Ана(н)дай ұсыныстан бас тарту деген адам сенгісіз нәрсе! B.n 1.билет, рұхсат қағаз, пас ♦a boarding pass – ұшаққа міну/ отыру талоны (посадочный талон) ♦There is no admittance without a security pass. – Қауіпсіздік қағазынсыз кіргізбейді. ♦We had backstage passes to the show. – Шоуға сахна артына алған билетіміз болды. ♦The official asked to see our passes. – Ресми адам рұхсат қағазымызды сұрады. ♦Attendees will receive a free pass to the VIP lounge. – Қатысқандар ВИП-лоунджға тегін өтетін болады. ♦I won two free passes to the red-carpet screening of a new movie. – Жаңа фильмнің салтанатты тұсаукесеріне екі тегін билет ұтып алдым. ♦You have to show your passport and boarding pass before you can get on the plane. – Самолетке отырар алдында паспортыңыз бен міну талонын көрсетуіңіз керек. ♦It's impossible to get backstage without a press pass. – Баспасөз пасынсыз сахна артына бару мүмкін емес. ♦The travel pass is accepted on all local bus and train services. – Саяхат билетін барлық жергілікті автобус және поезд қызметі қабылдайды. ♦Individual tickets and festival passes can be bought at the box office. – Жеке билеттер мен фестиваль пастарын кассадан сатып алады. ♦Please display your parking pass. – Паркиң пасыңызды көрсетіңіз. ♦The teacher wrote out a hall pass and handed it to her. – Мұғалім залға кіруге рұхсат қағаз жазды да оған берді. ♦The visitors were issued with day passes. – Келушілерге бір күндік билет берілді. ♦You can save money by buying a monthly pass. – Бір айлық билет алып ақша үнемдесең болады. ♦a three-day pass – ұш күндік билет ♦a monthly rail pass – пойызға айлық билет ♦soldiers on a weekend pass – апта соңында рұхсат қағазбен жүрген солдаттар 2. (especially BrE) (емтиханнан, сынақтан алған) жақсы баға, емтихан тапсыру(шылық) ♦She got a pass in French. – Ол француз тілінен өтті. ♦12 passes and 3 fails – 12 пәннен өтіп, 3-еуінен құлады. ♦Two A-level passes are needed for this course. – Осы курс үшін екі А-дәрежелі баға керек. ♦The pass mark is 50 per cent. – (Емтиханнан) өту үшін 50 проценттен көп алу керек. ♦The school has a 90 per cent pass rate. – Мектептің үлгерімі 90 процент. 3. (спортта) пас, пас беру(шілік) ♦a long pass to Turner – Төрнерге ұзын пас ♦a back pass to the goalkeeper – қақпашыға кері пас ♦The referee disallowed the try for a forward pass. – Төреші алдыға бермек болған пасты есептемей тастады. 4.асу (тау арқылы өтетін жол) ♦a mountain pass – таудағы асу ♦They came over the top of the pass and started down towards the coast. – Олар асудың төбесіне жетіп, төмен, жағаға қарай құлдилады. 5.жанынан/ қасынан өту, үстінен өту ♦The helicopter made several passes over the village before landing. – Вертолет қонбас бұрын ауылдың үстінен бірнеше рет ұшып өтті. 6.қадам, кезең, саты ♦In the first pass all the addresses are loaded into the database. – Бірінші кезеңде барлық адрестер дерекқорға жүктелді. 7. (idm) *come to such a pass (also come to a pretty pass) (old-fashioned or humorous) осындай аянышты, қиын күйге ұшырау ♦I never thought things would come to such a pass as this. – Дәп осындай күйге душар боламыз/ ұшыраймыз деп тегі ойламаппын. ♦Things have come to a such a pass when we can’t afford to pay the heating bills! – Жағдайдың асқынғаны соншама, жылу үшін төлей алмайтын халге келдік! *(give smb/get) a free pass (informal) еркіне жіберу/ қою, не істесе де ерік беріп қою ♦This time he gets a free pass but if he does it again, he’ll be sent to jail. – Бұл жолы ол жазаланбайды, ал егер тағы қайталаса, түрмеге жабылады. ♦Just because someone has expensive designer gear, it doesn't mean they have a free pass to be mean to my staff. – Қымбат киінсе, өздеріне, қызметкерлеріме әкіреңдейтін хақы жоқ. *make a pass at smb (informal) біреумен көңілдес/ ашына болуға тырысу