passage [ˈpæsɪdʒ] n 1. (also passageway) (екі жағы қабырға) өткел, коридор (syn:corridor) ♦A dark narrow passage led to the main hall. – Қараңғы жіңішке коридор үлкен залға жетеледі. ♦a secret underground passage – құпия жерасты өткелі 2.түтік, өткел, жол ♦blocked nasal passages – бітелген мұрын жолдары/ өткелдері 3. (кітаптан, муз-қ шығармадан, тб) үзінді, пассаж (syn: excerpt, extract) ♦Read the following passage and answer the questions below. – Келесі үзіндіні оқып, астындағы сұраққа жауап бер. ♦I have quoted this passage at length. – Осы үзіндіні толығымен айтып шықтым. ♦∼ from/in smth a passage from the Bible – Інжілден үзінді 4. the ∼ of time (literary) уақыттың өтуі ♦Her confidence grew with the passage of time. – Уақыт өткен сайын оның сенімі арта түсті. ♦rituals which mark the passage of the seasons – жыл мезгілдерінің ауысуын атап өтетін рәсімдер/ салт-дәстүр 5.өту, заң қабылдау (әрекеті, процесі) ♦The bill is now guaranteed an easy passage through the House of Representatives. – Заң енді өкілдер палатасынан оңай өтеді/ өтпек. 6.кемемен бару/ жүру/ жүзу ♦Her grandfather had worked his passage to America. – Оның атасы Америкаға келген кемесінде жұмыс істеп, жолын өтеді. 7. a ∼ (through smth) (бірнәрсе) арқылы жол/ өткел ♦The officers forced a passage through the crowd. – Офицерлер жұртты ығыстыра арасынан өтті. 8. (formal) өту, өткел, жол ♦Large trees may obstruct the passage of light. – Үлкен ағаштар жарықты/ -ң (өту) жолын бөгеуі мүмкін. 9.жүріске/ қозғалысқа рұхсат ♦We were promised (a) speedy passage through the border. – Шекара арқылы тез өтесіңдер деп уәде берді. ♦If the law were passed, EU nationals would no longer enjoy free passage through member states. – Заң қабылданса, Евроодақ азаматтары мүше елдер арқылы еркін қозғала алмайтын болады.