passenger [ˈpæsɪndʒə(r)] n жолаушы, жүргінші ♦airline/cruise/rail/bus passengers – рейс/ круиз/ пойыз/ автобус жолаушылары/ жүргіншілері ♦I soon got talking to a fellow passenger on the flight. – Біраздан соң рейсте қасымда болған жолаушымен сөйлесіп отырдым. ♦The boat was carrying more than 100 passengers. – Қайық 100-ден аса жолаушы әкетіп бара жатқан (еді). ♦a passenger train – жолаушы пойызы ♦(ауысп мағ) The firm cannot afford to carry passengers. - Фирмаға «жолаушылар» (қолынан іс келмейтіндер) керек емес.