passing [ˈpɑːsɪŋ] A.n 1. the ∼ of time/the years уақыттың/ жылдардың өтуі/ жылжуы/ сырғуы ♦The colour of the wood darkens with the passing of time. – Уақыт өте ағаш өңі қарая түседі/ күңгірт тартады. 2. (formal) өту, аяқталу; қайтыс болу ♦When the government is finally brought down, no one will mourn its passing. – Үкімет ақыры биліктен кеткенде, ешкім (де) қайғырмайтын болады. ♦the passing of the old year – ескі жылдың кетуі/ өтуі ♦Many will mourn her passing. – Ол дүниеден озғанда талай адам қайғыратын болады. 3. the ∼ of smth (заң, тб) қабылдау ♦the passing of a resolution/law – қарар/ заң қабылдау 4. (idm) *in passing ә(н)шейін, жеңіл-желпі, атүсті (syn: casually) ♦He only mentioned it in passing and didn't give any details. – Ол бұ жайлы тәптіштемей, әшейін айтты да қойды. B.adj 1.қысқа, қысқа мезеттік, бір сәттік (syn: brief) ♦a passing phase/thought/interest – қысқа кезең/ бір сәт келген ой/ қысқа мезеттік қызығушылық ♦He makes only a passing reference to the theory in his book. – Ол өз кітабында әлгі теорияға қысқаша ғана сілтеме жасайды. ♦She bears more than a passing resemblance to your sister. – Ол сенің әпкең/ сіңлің/ қарындасың сияқты екен. ♦This was the album that confirmed once and for all that rap music was no passing fad. – Бұл альбом рэп-музыканың қысқа мерзімдік нәрсе еместігін жұртқа нығарлай дәлелдеп берді. 2.маңайдан/ жанынан өтіп бара жатқан ♦the noise of passing cars – жөңкілген машиналар шуылы ♦I was forced to ask passing strangers for money. – Қасымнан өткен бөтен адамдардан ақша сұрауға мәжбүр болдым. 3. (уақыт ж) өтіп жатқан ♦I love him more with each passing day. – Күн өткен сайын оны жақсы көре түсемін. 4. ∼ grade/mark (NAmE) (емтиханды, тсс) өтті/ тапсырды деген баға