passion [ˈpæʃn] n 1.ынтықтық, құмарлық, құштарлық, құлшыныс, жігер; алаулаған сезім, сезім жалыны; албырттық; тебіреніс, толқу; қозу, жінігіс; бойды кернеген ашу-ыза/ кек, еліргендік, есіргендік; өрекпу(шілік); екіленгендік ♦I admire the passion and commitment shown by the players. – Ойыншылардың аянбай жігерлі ойынына сүйсіндім. ♦with ∼ She argued her case with considerable passion. – Ол өз мәселесін біршама тебірене қорғады. ♦a crime of passion – (сексуалды/ нәпсілік) қызғаныштан болған қылмыс/ қызғана жасаған қылмыс / қызғаныш қылмысы ♦Passions were running high at the meeting. – Жиналыс қайнап тұрды. ♦He's a man of violent passions. – Оның бір елірме/ есірме/ өршеленбе/ әулекі/ даңғой/ әңгүдік мінезі бар. 2. ынтықтық, құмарлық, құштарлық ♦Music is his true passion. – Музыка десе оның жаны жай табады./ Ол музыкаға құштар. ♦∼ for smth She left her job to pursue her lifelong passion for painting. – Ол жұмысын тастап, өзі өмір бойы құштар болған суретшілікпен айналысты. ♦∼ for doing smth He was a quiet man with a passion for writing poetry. – Ол өлең жазуға құштар момын адам еді. ♦They shared a passion for Italian food. – Олар итальян тамағына қызығатын. 3. ∼ (for smb) (біреуге деген) ынтықтық, құмарлық, (есі кеткен) ғашықтық ♦His passion for her made him blind to everything else. – Ол одан есі кетіп, ешнәрсені көрмейтін күйге ұшырады. 4. (formal) бойды ыза/ кек кернеу(шілік) (syn: rage) ♦She flies into a passion if anyone even mentions his name. – Оның (еркектің) атын естісе болды, ол (әйел) ызаға бөгіп шыға келеді. 5. the P∼ (христиандықта) Иисус Христостың азап шегіп жан тапсыруы 6. (idm) *with a passion ынтыға, құмарта, құштарлықпен; ызаға бөге, бойын кек керней ♦To do this job you have to love architecture with a passion. – Бұл жұмысты атқару үшін архитектураға құштар болуың керек. ♦She hated him with a passion. – Ол оны жан-тәнімен жеккөрді.