passport [ˈpɑːspɔːt] n паспорт (адамның белгілі бір елдің азаматы екенін растайтын документ) ♦a valid passport – жарамды паспорт ♦a fake passport – жалған паспорт ♦to issue/confiscate a passport – паспорт беру/ тәркілеу ♦I was stopped as I went through passport control. – Паспорт тексеретін жерде мені тоқтатты. ♦EU passport holders – Евроодақ паспорты барлар ♦a passport photo – паспорт фотосы/ паспорттық фото ♦(ауысп мағ) The only passport to success is hard work. – Табысқа жететін/ жеткізетін жалғыз ғана жол – аянбаған еңбек. ♦(ауысп мағ) The gold medal is his passport into professional boxing. – Алтын медаль оның кәсіби бокске деген жолдамасы болды.