patch [pætʃ] A.n 1.теңбіл, таңдақ, ақтаңдақ, дақ; жолақ; іртік ♦a black dog with a white patch on its back – арқасында ақ теңбілі бар қара(ала) ит ♦a bald patch on the top of his head – оның басының шашсыз төбесі/ оның таз төбелі/ төбесіндегі таз ♦damp patches on the wall – қабырғаның нәм теңбіл тұсы ♦patches of dense fog – теңбіл қалың тұман/ іртіктелген қалың тұман/ қалың тұман іртіктері ♦We sat in a patch of shade under a tree. – Ағаштың көлеңке тұсына барып отырдық. 2.жамау ♦I sewed patches on the knees of my jeans. – Джинсымның тізелеріне жамау жамадым. 3.зақымданған көзге тағатын шүберек/ мата ♦He had a black patch over one eye. – Бір көзін қара матамен таңып алыпты. 4. (NAmE) (BrE badge) (киімге тігілетін) таңба, белгі ♦He wears a patch from his employer, Verizon. – Киімінде өзі істейтін Веризон компаниясының таңбасы бар. ♦It has a UPS patch sewn on the right shoulder. – Оң иығына тігілген UPS-тің таңбасы бар. 5. (темекі тастау үшін теріге жапсыратын) жапсырма, пластырь, пәтч ♦nicotine patches – никотин пәтчтері/ жапсырмалары 6. (көкөніс не жидек өсіретін) бақша, тұс ♦a vegetable patch – көкөніс бақшасы ♦We had a strawberry patch beside the greenhouse. – Теплицаның жанында бүлдірген бақшамыз болды. 7. (BrE, informal) тұс, жақ, жер, аудан ♦He knows every house in his patch. – Ол өз жағындағы әрбір үйді біледі. ♦She has had a lot of success in her home patch. – Өз жерінде ол көптеген табысқа жеткен. 8. (informal, especially BrE) кезең, шақ ♦to go through a bad/difficult/sticky patch – жаман/ қиын/ жайсыз кезең 9. (компьютер программасына) өзгерістер, пәтч ♦Follow the instructions below to download and install the patch. – Пәтчті жүктеп, орнату үшін төмендегі нұсқауларға ілес(іңіз). ♦Update and apply all security patches to your browser, as soon as possible. – Браузерің(ізг)е арналған барлық қауіпсіздік пәтчтерін барынша тез(ірек) жаңалап, орнат(ыңыз). 10. (idm) *be not a patch on smb/smth (informal, especially BrE) «(біреуге/ бірн-ге) жамау да/ жұғын да болмау», салыстыруға келмеу, маңайына жуымау, шаңына ілеспеу ♦This book isn’t a patch on her others. – Бұл кітап оның басқа кітаптарынан тегі нашар. ♦She was no great beauty. Not a patch on Martha. – Ол тегі бір әдемі емес еді. Мартаның маңайына да жуымайтын. B.v 1. ∼ smth (with smth) (жамау(мен)) жамау (syn: mend) ♦patched jeans – жамалған джинс(ы) ♦to patch a hole in the roof – төбедегі/ шатырдағы тесікті жамау/ бітеу 2. (phr v) *patch smb/smth through (to smb/smth) (телефонды, электрон техниканы) уақытша жалғау ♦She was patched through to London on the satellite link. – Оны Лондонмен спутник арқылы қосты. *patch smth together (жылдам) құрау, құрастыру, жасау ♦They hope to be able to patch together a temporary settlement. – Олардың уақытша баспана құрап/ жасап алмақ ниеті бар. *patch smth/ smb up (rather informal) a) жамау, жөндеу ♦Just to patch the boat up will cost £10 000. – Қайықты жамағанның өзіне £10 000 кетеді. b) алғашқы медиц-қ жәрдем беру ♦The doctor will soon patch you up. – Дәрігер қазір сізге/ саған жәрдем береді. c) дауласуын/ айтысуын қою/ тыю, арасын дұрыстау ♦They've managed to patch up their differences. – Олар өзара келіспеушілігін тыйды. ♦Have you tried patching things up with her? – Онымен араңды дұрыстап көріп пе едің/ дұрыстауға тырысып па едің? d) өзара келісімге келу, мәмілеге келу ♦They managed to patch up a deal. – Олар әйтеуір өзара келісті.