patrol [pəˈtrəʊl] A.n 1. патруль, күзет (шолуға, қарауылға шыққан қарулы әскерлер, күзетшілер тобы) ♦a naval/police patrol – теңіз/ полиция патрулі ♦a patrol car/boat – патруль машинасы/ қайығы 2.патрульге шығу(шылық), күзете аралау, патрульдік шолу ♦Security guards make regular patrols at night. – Қауіпсіздік күзеті түнде ұдайы патрульге шығады. ♦on ∼ a police car on patrol – патрульдегі полиция машинасы 3.патруль (алты скауттан құралған топ, қ-з: Boy Scouts не Girl Guides/ Girl Scouts) B.v (pt, pp -lled, -lled) ∼ (smth) патрульге шығу, күзете аралау, патрульмен шолу, патрульдеу ♦Troops patrolled the border day and night. – Әскер шекараны күні-түні күзетті/ патрульдеді. ♦to patrol the streets/area – көшелерді/ ауданды патрульмен аралау ♦Guards can be seen patrolling everywhere. – Күзетшілер барлық жерде (бақылап) жүрді. ♦Aircraft regularly patrol the frontier. – Ұшақ шекараны ылғи шолып ұшады.