patter [ˈpætə(r)] A.n 1. тырсыл, сыртыл, тарсыл, сартыл, тысыр ♦the patter of rain on the roof – шатырға тамған жаңбыр тырсылы ♦the patter of feet/footsteps – (жүрген) аяқ тысыры ♦I could hear the pitter-patter of feet in the corridor. – Коридорда біреудің аяқ тысырын естідім. 2.сапылдау, сампылдау, сампыл, сапыл (тез тоқтаусыз сөйлеу) ♦sales patter – саудадағы у-ду 3. (idm) *the patter of tiny feet (informal or humorous) «титтей аяқтар тарсылы» (балалы болғысы келген біреудің айтуы) ♦We can't wait to hear the patter of tiny feet. – Қашан балалы боламыз деп тағат таппаймыз. B.v 1. тырсылда(т)у, сыртылда(т)у, тарсылда(т)у, сартылда(т)у, тысырла(т)у ♦Rain pattered against the window. – Жаңбыр терезені тырсылдатты. 2.тысырлатып жүру ♦I heard her feet pattering along the corridor. – Оның коридордағы аяқ тысырын естідім. ♦Footsteps pattered across the floor. – Басқан адымдар еденді тысырлатты.