peace [piːs] n 1.бейбітшілік, тыныштық, татулық ♦world peace – әлемдегі бейбітшілік/ тыныштық ♦in ∼ The two communities live together in peace. – Екі қауым өзара тату тұрады. ♦at ∼ The countries have been at peace for more than a century. – Елдер бір ғасырдан аса бейбіт тіршілік етуде. ♦peace talks/negotiations – бейбіт келіссөздер ♦the peace process – бейбіт процесс ♦a peace treaty/accord/agreement/deal – бейбіт шарт/ келісім/ уағдаластық ♦∼ between A and B The negotiators are trying to make peace between the warring factions. – Келіссөздер өзара қарулы қақтығысқан жақтарды татуластыруға тырысуда. ♦The fragile peace between North and South is threatened. – Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы нәзік бейбітшілікке қауіп төніп тұр. ♦He is critical of US efforts to restore peace to the country. – Ол АҚШ-тың ол елде тыныштық орнатпақ әрекетіне сын көзбен қарауда. ♦to bring/promote/achieve/ensure peace – тыныштық әкелу/ баянды ету/ -қа жету/ тыныштық орнату ♦A UN force has been sent to keep the peace. – БҰҰ бейбіт күші тыныштықты қамдауға жөнелтілді. ♦After years of war, the people long for a lasting peace. – Талай жыл соғыстан кейін халық тыныштық аңсайды. ♦the peace movement – бейбіт қозғалыс/ бейбітшілік қозғалысы ♦the Peace of Utrecht, 1713 – 1713 жылғы Утрехт бейбіт шарты 2.тыныштық, жайбарақаттық, бейқамдық, алаңсыздық ♦She lay back and enjoyed the peace of the summer evening. – Ол шалқасынан жатты да жазғы тыныш кешке сүйсінді. ♦I would work better if I had some peace and quiet. – Тыныш, мазасыз жағдайда жақсы жұмыс істеймін. ♦I need to check that she is all right, just for my own peace of mind. – Оның жағдайының дұрыс екенін тексеруім керек, әйтпесе алаңдаймын. ♦at ∼ with yourself He never really felt at peace with himself. – Ол бір жерде тыныш отыра алмайтын. ♦at ∼ I felt calm and at peace. – Көңілім жай тапты. ♦Her father is at peace now. – Әкесі қайтыс болған. ♦(law) They were charged with disturbing the peace. – Оларды тыныштық бұзды деп айыптады. ♦in ∼ He just wants to be left in peace. – Ол өзімен-өзі болғысы келеді. 3.татулық, жарастық ♦in ∼ with smb They simply can't seem to live in peace with each other. – Олар бір-бірімен әшейін тату тұра алмайтын сияқты. ♦in ∼ They live together in peace despite their differences. – Өзара өзгешеліктеріне қарамастан олар бірге тату тұрады. ♦at ∼ with smb/smth She felt at peace with the world. – Ол дүниемен бір үйлесім тапқандай сезінді. 4. (idm) *hold your peace/tongue (old-fashioned) үндемеу, ешнәрсе айтпау *make (your) peace with smb татуласу, қайта тіл табу/ жарасу ♦He made peace with his brother when their father was dying. – Әкесі қайтыс болар алдында ол бауырымен татуласты. *(there’s) no peace/rest for the wicked (usually humorous) тыным таппай жұмыс істейміз, демалыс жоқ дег мағ