peak [piːk] A.n 1.шарықтау шегі, «шың», ең жоғары нүктесі (syn: height) ♦Traffic reaches its peak between 8 and 9 in the morning. – Көліктің ең көп болатын кезі - таңғы 8 бен 9-дың арасы. ♦the peaks and troughs of married life – некелі өмірдің шыңы мен құзы/ өрі мен ылдиы/ қыры мен ойы ♦at the ∼ of smth She's at the peak of her career. – Ол өз карьерасының шыңына жетті 2.шың, ұш ♦a mountain peak – тау шыңы/ ұшы ♦snow-capped/jagged peaks – қар басқан/ жақпарлы шыңдар ♦The climbers made camp halfway up the peak. – Альпинистер шыңға барар орта жолда қос тікті. ♦We looked up at the rocky peaks towering above us. – Үстімізден төнген құзды шыңдарға қарадық. 3.шошақ, шошайған нәрсе ♦He combed his hair into a peak. – Ол шашын шошайта тарады. 4. (BrE) (NAmE bill, visor) күнқағар (кепканың алды) B.v шарықтау шегіне жету, ең жоғары нүктесіне жету ♦Oil production peaked in the early 1980s. – Мұнай өндірісі 1980 жылдардың басында өзінің шарықтау шегіне жетті. ♦Unemployment peaked at 17 per cent. – Жұмыссыздық 17 процентке барып тірелді. ♦an athlete who peaks at just the right time – дер кезінде бабына келетін/ шарықтау шегіне жететін атлет C.adj шарықтау шегі(не қатысты), ең биік нүктесі(не қатысты) ♦It was a time of peak demand for the product. – Ол өнімге деген сұраныс артып тұрған кез еді. ♦March is one of the peak periods for our business. – Наурыз – бизнесіміздің/ кәсібіміздің ең қауырт кезі. ♦The athletes are all in peak condition. – Атлеттердің бәрі де нағыз бабында. ♦We need extra help during the peak season. – Ең қауырт кезеңде бізге қосымша көмек керек.