peculiar [pɪˈkjuːliə(r)] adj 1. біртүрлі, оғаш, бөлек, өзгеше, өзінше, ерекше ♦a peculiar smell/taste – біртүрлі иіс/ дәм ♦The meat tasted rather peculiar. – Ет әйтеуір біртүрлі татыды. ♦There was something peculiar in the way he smiled. – Оның күлкісі әйтеуір біртүрлі көрінді. ♦I had a peculiar feeling we'd met before. – Осыған дейін бір ұшырастық-ау деген біртүрлі сезім болды менде. ♦He died in very peculiar circumstances. – Ол бір түсініксіз жағдайда қайтыс болды. ♦For some peculiar reason, she refused to come inside. – Не себептен екені, ол ішке кірмей қойды. 2. ∼ (to smb/smth) (біреуге/ бірн-ге) тән, ерекше ♦a humour that is peculiar to American sitcoms – американ ситкомдарына (ситуациялық комедия) тән әзіл ♦a species of bird peculiar to Asia – Азияға тән құс особьтері ♦He has his own peculiar style which you'll soon get used to. – Оның өзіне тән бір стилі бар – оған тез үйреніп кетесің. ♦the family’s peculiar importance in the affair – осы мәселедегі (әлгі) семьяның ерекше маңыздылығы ♦the peculiar properties of mercury – сынаптың ерекше қасиеттері/ сынапқа тән қасиеттер 3. (BrE, informal) дімкәс, бейжай, аздап науқастанған ♦I don’t think I’ll eat anything - I’m feeling a bit peculiar. – Ешнәрсе жемеймін-ау деймін – аздап бейжай болып тұрмын. 4. (idm) *funny peculiar (BrE) (US funny weird/strange) [қ-з: funny (8)]