penny [ˈpeni] n (pl pennies, pence [pens]) 1. (abbr p) пенни, пенс (көпше түрі) (Британиядағы тиын – бір фунт стерлингте/ паунд стерлиңде - £1 – жүз пенни/ пенс бар) ♦He had a few pennies in his pocket. – Қалтасында бірнеше пенни бар болатын. ♦That will be 45 pence, please. – Ол үшін 45 пенс берсеңіз. ♦They cost 20p each. – Әрқайсысы 20 пенни/ пенс тұрады. 2. (abbr d) пенни (Британияда 1971 жылға дейін қолданыста болған тиын) 3. (NAmE) пенни, цент ♦The fee ranges from a few pennies to $30 or more. – Төлем бірнеше центтен $30-ға шейін тұрады. 4. (idm) *every penny әр тиын, бар(лық) ақша ♦We collected £700 and every penny went to charity. – Біз £700 жиып, әр тиыны мейірім үшін кетті. ♦She’s on a high salary but I’m sure she deserves every penny. – Жалақысы көп, бірақ ол әр тиынын маңдай терімен табады деп ойлаймын. *in for a penny, in for a pound (saying) бір бастаған ісіңді уақыт не ақша сарп етіп аяғына дейін жеткізген жөн *not a penny бақыр/ соқыр тиынсыз; мүлде тегін ♦It didn't cost a penny. – Бұл бақыр тиын да тұрған жоқ. ♦He has never paid me a penny. – Маған ол ешқашан бақыр тиын да берген емес. ♦She hasn’t got a penny to her name. – Оның өз атында соқыр тиыны да жоқ. *the penny drops (informal, especially BrE) бұрын ұқпаған нәрсесін ақыры ұқты дег мағ ♦I had to explain the joke to her a couple of times before the penny dropped. – Қалжыңды бірнеше қайталай айтқанымда ғана ол әйтеуір ұқты. *a penny for your thoughts | a penny for them (saying) біреуді әңгімеге тартқанда айтылады ♦You have been quiet for a while, a penny for your thoughts. – Үнсіз отырып қалдың ғой, бірдеңе десеңші. *pinch pennies (informal) ақшаны барынша үнемдеу, аяп жұмсау *a pretty penny (old-fashioned) көп ақша ♦I bet that cost you a pretty penny. – Ана зат саған қымбатқа түсті-ау. *spend a penny (old-fashioned, BrE) кісілер «туалетті пайдалан(ыңыз)» деудің орнына, сыпайы «пенни жұмса(ңыз)» дейді *turn up like a bad penny (informal) (кісі ж) шақырмастан/ жоқ жерден жетіп келу *two/ten a penny (BrE) (NAmE a dime a dozen) екінің бірі, кім көрінген ♦Teachers of history are ten a penny. – Қазір кім көрінген/ екінің бірі -тарих мұғалімі.