people [ˈpiːpl] A.n 1.кісілер, адамдар, жұрт, халық ♦At least ten people were killed in the crash. – Апат кезінде кем дегенде он кісі мерт болды. ♦There were a lot of people at the party. – Тойда адам көп болды. ♦Many young people are out of work. – Жастардың көбі – жұмыссыз. ♦older people – қарттар/ қарт кісілер ♦They are just ordinary people. – Олар әшейін қарапайым кісілер. ♦Millions of working people are struggling. – Жұмыс істейтін миллиондаған кісі арпалысуда. ♦It is important to involve local people in the project. – Жобаға жергілікті жұртты/ халықты тартқан жөн/ абзал. ♦poor/rich people – кедей/ бай адамдар ♦people of faith – діншіл кісілер ♦We want to change the way people think. – Адамдардың ойлау салтын/ дағдысын өзгерткіміз келеді. ♦People want fresh, local food. – Жұрт жаңа өндірілген жергілікті азық-түлікті қалайды. ♦He wanted to help people fulfil their potential. – Ол/ Оның кісілерге өз потенциалын/ мүмкіндігін толық пайдалануға жәрдемдескісі келді. ♦She tends to annoy people. – Оның жұрттың мазасын алатыны бар. ♦a meeting with business people and bankers – іскер адамдармен/ бизнесмендермен және банкирлермен жолығу ♦These garments are intended for professional sports people. – Бұл киім-кешек кәсіби спортшыларға арналған. 2.халық, жұрт, кісілер, адамдар ♦the American/French people – Америка/ Франция халқы ♦black/white people – қара нәсілді/ ақ нәсілді адамдар ♦people of colour – түсті адамдар (яғни, ақ нәсіл емес) ♦the indigenous peoples of Mexico – Мексиканың байырғы тұрғындары (яғни, үндістер) 3. the ∼ халық, қоғам мүшелері, жұрт, азаматтар ♦the life of the common people – қарапайым халық(тың) тіршілігі/ өмірі ♦It was felt that the government was no longer in touch with the people. – Үкіметтің халықтан қол үзіп қалғаны сезілді. ♦The king urged his people to prepare for war. – Король халқын соғысқа әзірленуге үндеді. 4. (informal) қонақтар; достар; кісілер ♦I'm having people to dinner this evening. – Бүгін кешке қонақтар шақырғамын. 5. (old-fashioned) жақын туыстар, «халық» ♦She's spending the holidays with her people. – Ол демалысын өзінің жақындарымен өткізуде. 6. (idm) *be all things to all men/people [қ-з: man (A14)] *a man/woman of the people [қ-з: man (A14)] *of all people (біреуге қарата, біреуді бөле айтқанда қолд) ♦She of all people should know the answer to that. – Басқа ешкім емес жауапты сол білуі керек. ♦My best friend, of all people, betrayed me. – Ең жақын досым, басқаларды айтпай-ақ қояйын, мені сатып кетті. ♦Why should he, of all people, get a promotion? – Елден ерекше неге (ғана) ол өсуі/ жоғарылауы керек? ♦You of all people should have known better. – Сен, басқа ешкім емес, жақсы білуің керек еді. *people (who live) in glass houses shouldn’t throw stones (saying) «шыны үйде тұратын адамдар тас лақтырмаулары керек», басқа адамдарды сынама, олар да сені сынайтын сылтау/ себеп табады дег мағ B.v (бір жерде) тұру, өмір сүру; қоныстандыру ♦be ∼d by smb The town was peopled largely by workers from the car factory and their families. – Қалада негізі машина заводы жұмысшылары мен олардың үй-іші тұрды. ♦be ∼d with smth The ballroom was peopled with guests. – Бал/ Той залына қонақ толды. ♦Her novels are peopled with interesting, complex characters. – Оның романдарында қызық та күрделі образдар/ кейіпкерлер көп.