perform [pəˈfɔːm] v 1. ∼ (smth) өнер көрсету (ән айту, билеу, тсс) ♦to perform a song/dance/play – ән айту/ билеу/ рөл ойнау ♦The play was first performed in 2007. – Пьесаны алғаш рет 2007 жылы қойды. ♦Visiting artists will perform their music and poetry. – Қонақ артистер ән айтып, өлең оқитын болады. ♦I'm looking forward to seeing you perform. – Өнеріңді тамашалағым келіп жүр. ♦I'd love to see them perform live. – Олардың өнерін өз көзіммен көргім келеді. 2. ∼ smth істеу, атқару (syn: carry out) ♦She performs an important role in our organization. – Оның ұйымымыздағы орны үлкен. ♦A computer can perform many tasks at once. – Компьютер бір мезетте бірнеше жұмыс істей алады. ♦to perform a function/duty – міндетін орындау/ атқару ♦to perform an analysis/a test/an experiment – анализ/ тест/ эксперимент жасау ♦to perform a ceremony/ritual – рәсім өткізу/ ырымдау (салт-дәстүрге сай істеу) ♦(medical) to perform an operation/ surgery – операция жасау 3.істеу, атқару ♦The engine seems to be performing well. – Мотор дұрыс істеп тұрған сияқты. ♦The company has been performing poorly over the past year. – Өткен жылы компанияның ісі өнбеді. ♦England's players perform better for their clubs than for their country. – Англия ойыншылары ұлттық құрамадан гөрі өз командалары үшін жақсы өнер көрсетеді. ♦to perform admirably/brilliantly/strongly – тамсандыра/ тамаша/ тегеурінді орындау ♦She performed less well in the second test. – Екінші сынақта ол нашарлау болды. ♦They gather information on how businesses are performing. – Олар кәсіпорындардың қалай істейтіні жайлы информация жиады. ♦If Bale performs then I believe Wales can win. – Бейл дұрыс ойнаса, Уэльс жеңеді/ Уэльстің жеңгені. 4. (idm) *work/perform miracles керемет/ сиқыр/ мұғжиза істеу, үздік нәтижеге жету ♦Her exercise programme has worked miracles for her. – Өзінің жаттығу программасының арқасында ол керемет нәтижелерге қол жеткізді. ♦He performed miracles to get everything ready in time. – Ол бәрін уақтылы істеп, керемет ептілік танытты.