peril [ˈperəl] n (formal or literary) 1.қатер, қауіп ♦in ∼ The country's economy is now in grave peril. – Ел экономикасына қазір үлкен қауіп төніп тұр. ♦The heroine finds herself in mortal peril. – Героиняға/ Кейіпкерге өлім қаупі төнеді. ♦She seemed blissfully unaware of the peril she was in. – Ол өзіне төнген қауіптен мүлде бейхабар көрінді. ♦They warned that his life was in imminent peril. – Оның өміріне ауыр қатер төнгені жайлы оларға айтылды. ♦∼ of doing smth We face the immediate peril of being bought out by another company. – Бізді басқа бір компанияның жұту қаупі төніп тұр. ♦She gave a warning about the perils of drug abuse. – Ол есірткінің қатерлері жайлы ескертті.2. (idm) *do smth at your (own) peril өзіне-өзі қауіп төндіру ♦Teachers ignore the importance of these results at their peril. – Мұғалімдер осы нәтижелердің маңызына көңіл бөлмей, өздерін-өзі қинайды. ♦Ignore these warnings at your peril. – Бұл ескертулерге көңіл бөлмесең, өз обалың өзіңе.