personal [ˈpɜːsənl] adj 1.жеке, жеке өзінің/ өзінікі The novel is written from personal experience. – Романды өзінің басынан кешкендеріне сүйене отырып жазған. a personal account of her experiences – өзінің басынан кешкендерін жазғаны personal effects/belongings/possessions – жеке дүние-мүлкі ♦I take personal responsibility for the incident.Оқиға үшін жауапкершілікті өзіме аламын. Of course, this is just a personal opinion. – Әрине, бұл әншейін жеке дара пікір. a personal preference/view – жеке қалауы/ пікірі Her art is deeply personal. – Өнері – тек өзінікі. intensely/highly personal – тек өзіне ғана қатысты I need my own personal space. – Өзіммен өзім болғым келеді. The software is for personal use only. – Компьютерлік программа тек жеке қолданыс үшін ғана. 2.өзара, жеке, жақын Having good personal relationships is the most important thing for me. – Өзара қарым-қатынастарда болу – мен үшін ең маңызды нәрсе. She is a personal friend of mine. – Ол менің жақын досым. 3.жеке, жеке өміріне/ басына қатысты I try not to let work interfere with my personal life. – Жеке өміріме жұмысымды араластырғым келмейді. personal information/data/details – жеке өзіне қатысты информация/ деректер/ мәлімет The letter was marked ‘Personal’. – Хатта «Жеке өзіне» деп жазылған. I'd like to talk to you about a personal matter. – Жеке бір шаруам бойынша өзіңмен сөйлессем деймін. Please keep personal phone calls to a minimum. – Жеке (телефондық) шалуларды барынша азайтуға тырыссаң(ыз). ♦I'd rather not talk about it, it's personal. – Бұл жайлы айтпағаным дұрыс, бұл жеке өзіме қатысты. He moved to San Francisco for personal reasons. – Ол Сан-Францискоға жеке өзіне қатысты себептермен жылжыды. 4.өзі The President made a personal appearance at the event. – Шараға президенттің өзі келді. I shall give the matter my personal attention. – Мәселемен өзім айналысамын/ айналысатын боламын. She takes a personal interest in the work of the charity. – Мейірім қорының жұмысын ол өзі бақылайды. The Principal has little personal contact with the students. – Директор оқушылармен тікелей аз араласады. 5.жеке өзіне, әр адамға We offer a personal service to all our customers. – Клиенттеріміздің әрқайсысына жеке(лей) қызмет көрсетеміз. a personal pension plan – жеке (адамға арналған) пенсия жоспары Will you do it for me as a personal favour? – Осы бір өтінішімді орындасаң жақсы болар еді. 6.жеке өзіне (тиісе) Try to avoid making personal remarks. – Шамға тиетін сөзден аулақ бол(ыңыз). I felt the criticism crossed the line and became a personal attack. – Сынның шектен шығып, намысыма тигенін сездім. Then he got personal and brought my family into it.Содан соң ол маған тиісіп, үй-ішім жайлы айтты. It's nothing personal but I have to correct you on that point. – Ренжімессіз, алайда ана тұста сізді түзетуім керек.7.жеке, өз (денесі, түрі, тб) personal cleanliness/hygiene – жеке тазалық/ гигиена She's always worrying about her personal appearance. – Ол ылғи (да) өзінің сыртқы түрін/ келбетін ойлап уайымдап жүреді. This insurance policy covers you against personal injury or death. – Осы сақтандыру (страхование) жоспары сіздің дене жарақатыңызды не өліміңізді қамтиды. 8. (idm) *up close and personal жақын таныс; жақыннан білетін Get up close and personal with the koalas at the San Diego Zoo. – Сан-Диего зоопаргіндегі коалаларды көріп, жақыннан таныс. For the last 30 years, I’ve been up close and personal with people whose lives were in crisis. – Соңғы отыз жылда дағдарысты/ кризисті басынан өткеріп жатқан адамдарды жақыннан білдім.