personality [ˌpɜːsəˈnæləti] n (pl -ties) 1.кісілік, кісі, адам, тұлға, адами қасиеттер/ ерекшелік ♦His wife has a strong personality. – Әйелі – мінезді адам. ♦My outgoing personality has definitely helped me succeed. – Бауырмалдығым табысқа жетуіме сөзсіз көмектесті. ♦He maintained order by sheer force of personality. – Оның өз тегеурінінің арқасында ғана тәртіп бұзылмады. ♦normal human personality traits, such as shyness – ұяңдық сияқты кәдімгі/ қалыпты адами қасиеттер ♦People’s clothes are often an expression of their personality. – Адамдардың киімі өздерінің қандай екенін көрсетеді/ кісілік қасиеттерін білдіреді. 2. тұлға, адами қасиеттер, кісілік, кісілік келбет; мінезді/ мықты/ қарымды адам ♦We need someone with lots of personality to head the project. – Жобаны басқару үшін бізге тұлға керек. ♦She was very beautiful but seemed to lack personality. – Ол сұлу болғанымен тұлға емес еді. ♦Their son is a real personality. – Ұлдары – қарымды жігіт. 3.әйгілі/ атақты/ танымал кісі, «жұлдыз» (syn: celebrity) ♦a well-known TV/radio/sports personality – өте тенымал телевизия/ радио/ спорт адамы ♦Various personalities from the world of music were invited. – Музыка әлемінің түрлі жұлдыздары шақырылды. 4. (зат не орын ж) келбет, ерекшелік (syn: character) ♦The problem with many modern buildings is that they lack personality. – Қазіргі ғимараттардағы бір гәп – оларға келбет жетіспейді. ♦Interesting displays can add personality to your store window. – Қызық дисплейлер дүкеніңнің терезесін тартымды ете алады.