personally [ˈpɜːsənəli] adv 1.жеке өзім, өзім, өз басым ♦Personally, I prefer the second option. – Өз басым екінші вариантты қалаймын. ♦‘Is it worth the effort?’ ‘Speaking personally, yes.’ – «Талпынып керек пе?» «Өзім керек деп ойлаймын». ♦I personally think it would be the wrong thing to do. – Өзім бұлай істеген дұрыс емес деп ойлаймын. 2.өзі, жеке өзі, өзі тікелей ♦All emails will be answered personally. – Барлық имейлдерге (оның) өзі жауап беретін болады. ♦Do you know him personally? – Оның жеке өзін білесің бе? ♦I’ll deal with the matter personally. – Бұл мәселемен өзім айналысатын боламын. ♦He’s no longer personally involved in the day-to-day running of the company. – Ол енді компанияның күнделікті тірлігіне тікелей араласпайды. ♦He did not benefit personally from the fraud. – Алаяқтықтан оның жеке өзі пайда көрген жоқ. ♦I have never personally witnessed public violence. – Мен жұрттың бұзақылығын өз көзіммен көрген емесппін. ♦Have you had any dealings with any of the suspects, either personally or professionally? – Сезіктілермен жеке өз басың не жұмыс бабында араласып па едің? 3.өзі, жеке өзі (syn: individually) ♦He was personally criticized by inspectors for his incompetence. – Оның өзін инспекторлар қабілетсіз деп сынады. ♦You will be held personally responsible for any loss or breakage. – Кез-келген жоғалған я сынған нәрсе үшін жеке өзің жауапты боласың. 4.намысқа/ шамға тиетін ♦I'm sure she didn't mean it personally. – Оның сенің шамыңа тиейін демегеніне күмәнім жоқ. 5. (idm) *take smth personally көңіліне/ жүрегіне алу, ренжу ♦I'm afraid he took your remarks personally. – Сөздеріңе ренжіп қалды ма екен. ♦Please don’t take this personally, but would you mind leaving us alone for a few moments? – Ренжімеші, бізді бірнеше сәтке оңаша қалдыршы.