persuasion [pəˈsweɪʒn] n 1. көндіру(шілік), тыңдату, иландыру; сендіру, көзін жеткізу ♦It didn't take much persuasion to get her to tell us where he was. – Оның (еркектің) қайда болғанын оған (әйелге) айтқызу пәлендей қиын болмады. ♦After a little gentle persuasion, he agreed to come. – Біраз жұмсағырақ сөйлескеннен кейін ол келетін болды. ♦She has great powers of persuasion. – Оның жұртты иландырғыш/ иландыра алатын керемет қасиеті бар. ♦I wasn’t intending to sell, but I’m open to persuasion. – Сатқым келмеп еді, бірақ та сөйлесіп көруге болады. 2.көзқарас, пікір, позиция; наным, сенім ♦Politicians of all persuasions condemned the attacks. – Түрлі көзқарастағы саясаткерлердің бәрі шабуылдарды сөкті. ♦every shade of religious persuasion – діни нанымның әрбір реңкі 3. (idm) *of the… persuasion (formal or humorous) белгілі бір түрдегі/ кейіптегі ♦peers of the Liberal persuasion – либералист адамдар ♦an ancient bed of the iron persuasion – ежелгі темір төсек