perverse [pəˈvɜːs] adj қасақана, әдейі, теріс, керітартпа, қырсық, тарпейіл, кесірлі, мүттайым, анайы, тұрпайы ♦a perverse decision – қасақана/ әдейі жасаған шешім ♦She finds a perverse pleasure in upsetting her parents. – Ол ата-анасын ренжіткенге анайы(лықпен) масайрайды. ♦Do you really mean that or are you just being deliberately perverse? – Шынымен де осылай ойлайсың ба жоқ әдейі істеп тұрсың ба? ♦For some perverse reason he is refusing to see a doctor. – Ол неге екенін, қырсығып дәрігерге көрінбей жүр. ♦It would be perverse to quit now that we’re almost finished. – Енді бітірейік дегенде істі тастау – теріс нәрсе. ♦This kind of reasoning is deeply perverse. – Бүйтіп ойлау – мүлде теріс.