petition [pəˈtɪʃn] A.n 1.петиция, (көп адам қол қойып, үкіметке талап-тілек жолдаған) өтініш ♦∼ against smth Would you like to sign our petition against experiments on animals? – Аңдарға эксперимент жасауға қарсы петициямызға қол қоясың(ыз) ба? ♦∼ for smth The workers are getting up a petition for tighter safety standards. – Сақтық шараларын қатайту үшін жұмысшылар петиция әзірлеуде. ♦to present/deliver a petition – петиция тапсыру/ жеткізу ♦to start/launch a petition – петиция(ны) бастау 2. (law) сотқа арыздану; сотқа жазылған арыз/ өтініш ♦a bankruptcy petition – банкрот туралы арыз ♦∼ for smth Her husband has already filed a petition for divorce. – Күйеуі ажырасуға сотқа арыз беріп қойған. 3. (formal) құдайдан сұрап дұға оқу; біреуден өтіну B.v 1.петиция беру, арыз/ өтініш жазу/ беру ♦∼ for/against smth Local residents have successfully petitioned against the siting of a prison in their area. – Жергілікті тұрғындар түрме салмақ жоспарға қарсы шығып, дегендеріне жетті. ♦∼ smb/smth (for smth) The group intends to petition Parliament for reform of the law. – Топ заңды жаңалау үшін парламентке өтініш бермек. 2.арыздану, соттан белгілі бір әрекет жасауды өтіну, арыз беру ♦∼ for smth His wife petitioned for divorce in 1997. – Әйелі ажырасуға арыз 1997 жылы берген. ♦∼ smb/smth (for smth) He petitioned the court for a new trial. – Ол істі қайта қарауға сотқа арыз берді. ♦∼ smb/smth to do smth She petitioned the judge to restore her licence. – Ол судьяға өзінің лицензиясын қалпына келтіруге арыз берді.